Аймақтағы құрылыс және сәулет саласының дамуы
«Аймақтағы құрылыс және сәулет саласының дамуы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 14.09.2018, 10:00
- 14.09.2018, 15:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Мадел Оңболсын 14.09.2018, 11:57, Сұрақ нөмірі: 7910
Сәлеметсіз бе? Халықтың саны ұдайы өсіп отырғандықтан, қазір тұрғын үй мәселесі ең өзекті мәселе болып отыр. Әрбір азаматтың арманы – жеке тұрғын үйге қол жеткізу. Алайда, салынған тұрғын үйлерді сатып алу үшін міндетті түрде бастапқы жарна талап етіледі, бұл қарапайым халықтың қажетті қаржысы болмауынан кедергі туғызуда. Осындай тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың сұранысын қанағаттандыру үшін, қандай қолдау бар?
Қызылорда облысы 14.09.2018
Сұрағыңызға рахмет, Оңболсын! Бүгінгі күнге облыста тұрғын үй кезегінде 26 мыңнан астам азамат тұр. Оның басым көпшілігін халықтың әлеуметтік әлсіз топтары құрайды. Ия, өзіңіз айтып отырғандай бұл санаттағы азаматтардың алғашқы жарна жинауға мүмкіндіктері жоқ. Біз бұл мәселені орталық атқарушы органдар алдында бірнеше рет көтеріп, бірқатар ұсыныстарымыз Үкімет тарапынан қолдау тапты. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына өзгеріістер енгізіліп, кредиттік тұрғын үй - кезекте тұрғандарға және құрылыс жинақ банкінің салымшыларына өткізілмеген жағдайда, жергілікті атқарушы органдарға кредиттік тұрғын үйлерге өз бетінше иелік етуіне мүмкіндік берілді. Осыған орай, облыстық бюджет есебінен де қолжетімді тұрғын үйлердің құрылысын жалғастырып, халыққа тұрғын үй сатып алуға бастапқы жарнаның талап етілмей, жеңіл жағдайлар жасау үшін «Орда» жол картасын қабылдадық. Жеке құрылыс салушылардан тұрғын үйлерді сатып алуға немесе жаңа тұрғын үйлерді салуға облыстық бюджеттен қаржы бөлінетін болады. Тұрғын үйлерді өткізу құрылыс жинақ банкінің механизмі арқылы іске асырылады. Тұрғын үй алуға кезекте тұрғын азаматтар қатыса алады. «Орда» жол картасының талаптарына сай келетін азаматтар бастапқы кезде тұрғын үйдің жалпы құнының 50 пайызын жинақтай отырып, тұрғын үйді 8 жылға жалға алады. Тиісті мерзім аралығында бастапқы жарна жинақталғаннан кейін, тұрғын үйді сатып алу үшін 11 жылға дейін банктен (3,8 пайызбен) кредит алады.