Аймақтағы құрылыс және сәулет саласының дамуы

«Аймақтағы құрылыс және сәулет саласының дамуы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 14.09.2018, 10:00
  • 14.09.2018, 15:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Мадел Оңболсын 14.09.2018, Сұрақ нөмірі: 7911

  • 0

Соңғы жылдары қандай жаңа нысандардың құрылысы жүргізілуде?

Қызылорда облысы 14.September.2018, 13:08

Өздеріңізге белгілі, халық санының өсуі тұрғын үйлермен қатар әлеуметтік нысандардың, оның ішінде мектептер мен балабақшалардың, емханалар мен ауруханардың, мәдениет және спорт нысандарының, қауіпсіздік саласы ғимараттарының құрылысын жүргізуге сұранысты жоғарылатады. Облысымызда соңғы екі жылда барлығы 50 әлеуметтік нысан пайдалануға берілсе, 2016 жылы 25 нысан пайдалануға берілді (білім беру нысандары: 800 орынды құрайтын 4 мектеп, 370 орындық 2 балабақша, 12 денсаулық сақтау, 2 мәдениет,1 мемлекеттік органдар, "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде 3 нысан, 1 әлеуметтік сақтандыру) 2017 жылы 25 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді (1630 орынды құрайтын 15 мектеп, 180 орындық екі балабақша, 1- 150 төсектік аудандық аурухана,1 аудандық аурухананың кәріз желісін қайта жаңғырту, 1 ауылдық клуб, 1 мұрағат, 1 учаскелік полиция,1 әкімшілік ғимараты, 1 жұмылдыру дайындығы қосымша құрылыс, 1 стадионды қайта жаңғырту). Олардың ішінде атап өтер болсақ, апатты жағдайдағы 12 мектеп, "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы арқылы 1200 орындық, әрқайсысы 300 орынды құрайтын 4 мектеп (Қызылорда қаласы Тасбөгет кенті, Шиелі ауданы Тәжібаев ауылы, Жаңақорған ауданы Төменарық, Нәлібаев ауылдары), 1 балабақша (Қызылорда қаласы Көшербаев көшесіндегі 280 орындық балабақша), 1 аурухана (Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде 150 төсектік аудандық орталық аурухана), Қызылорда қаласында мұрағат құрылысы, Қызылорда қаласындағы 200 төсектік облыстық көп бейінді балалар ауруханасының құрылысы, елді мекендерде 11 дәрігерлік амбулатория құрылыстары пайдалануға берілді. Биылғы жылы 40 әлеуметтік нысанның құрылысын жүргізіп, 30 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде, респбуликалық бюджет қаржысы есебінен құрылысы жүргізіліп жатқан 5 мектеп (әрқайсысы 300 орынды құрайтын Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті, Түгіскен ауылы,Арал ауданы Арал қаласы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті,Қармақшы ауданы Жосалы кенті), облыстық бюджет қаржысы есебінен 3 мектеп (Жаңақорған ауданы Аққұм, Қожамберді ауылы, Шиелі кентінде №45 мектеп қосымша құрылысы), 7 балабақша (Қармақшы ауданы Иркөл, Төребай би ауылдары, Жалағаш ауданы Мәдениет ауылы,Шиелі ауданы Еңбекші, Тартоғай ауылдары, Жаңақорған ауданы Түгіскен ауылы, Қызылорда қаласы Тасбөгет кенті), 150 төсектік Арал қаласындағы орталық аурухана, 8 спорт нысаны (Қызылорда қаласы Ғ.Мұратбаев стадионын қайта жаңғырту, Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылы, Жалағаш ауданы Мәдениет ауылы, Сырдария ауданы Ақжарма ауылы, Шиелі ауданы Еңбекші ауылдарында спорт кешендері, Арал ауданы Сексеуіл кентінде,Қармақшы ауданы Төретам кентінде, Жаңақорған ауданы Түгіскен ауылдарында денешынықтыру сауықтыру кешендерінің құрылысы), Жалағаш ауданы ішкі істер ғимараты, Қызылорда қаласында Қазақ орталық атқару комитетінің әкімшілік ғимаратының құрылысы, 2 ауылдық елді мекенде 150 орынды клуб (Шиелі ауданы Еңбекші,Жалағаш ауданы Мәдениет ауылдары), Астана қаласындағы зымыран - ғарыш техникасы мұражайының ашық экспозициясы, Қызылорда қаласының Титов кентіндегі индустриялық аймаққа дейінгі теміржол тұйығының құрылысы.