Үлескерлik құрылыс қатысушыларымен интернет-конференция
Салушылар, тұтынушылар, жылжымайтын мүлік субъектілері арасындағы құқықтық және экономикалық қатынасты реттеу және Қазақстан Республикасы азаматтарын орталық және жергілікті атқарушы органдармен, банктармен, Қазақстан Республикасы салушылары ассоциациясымен байланысуға мүмкіндік беру мақсатында, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2008 жылғы 18 тамыздағы № 20-55/007-679 Жарлығы негізінде 2008 жылдың 9 қыркүйегі мен 1 қарашасы аралығында Қазақстан Республикасындағы үлескерлік (үлескерлер) құрылысқа қатысу мәселелері «электрондық үкімет» Веб-порталында http://www.e.gov.kz/ 2008 жылғы жылыту маусымына қатысты мәселелер бойынша Интернет-конференция өткізіледі
- Сұрақтар: 686
- Жауаптар: 1038
- 09.09.2008
- 01.11.2008
- Қызылорда облысы әкімдігі
Бүркітбаев А., Сарсенбекова Д., Рахимжанов Н., Жәрімбетова А. 17.09.2008, Сұрақ нөмірі:
Құрметті: Кәрім Қажымханұлы,
Қайрат Нематұлы,
Иманғали Нұрғалиұлы
Біздер, үлескерлер 2005 жылы «Альянсстройинвест» ЖШС құрылыс мекемесінің Бас директоры Ринат Абайұлы Наймановпен Қабанбай батыр даңғылының бойынан, «Нұр Астана» мешітінің жанынан салынатын «Infiniti-2» тұрғын үй кешенінен пәтер алуға банкілерден несие алып, көп жылдар бойы маңдай терімізді төгіп тапқан қаражаттарымызды толық төлеп келісім-шартқа отырдық.
Аталған келісім-шарттың 1.2. тармағына сәйкес тұрғын үй кешенін, пәтерлерімізді 2007 жылдың 4 тоқсанында салып беруі керек еді. Келісім-шарттың 5.2. тармағы бойынша, егер үйді осы көрсетілген уақытында салып бермесе, әр күнгі кешіктіргені үшін 0,001 (%) пайыз айыппұл төлеуі қажет. Бұл банкіге салынған депозиттің жылдық өсімінің 30-дан 1-бөлігі ғана. Халықты тонау үшін, өз жеке басының пайдасын ғана ойлап жасаған 0,001 %.
2007 жылы күзге дейін үйдің тек қана төменгі бөлігі фундаментін ғана салған. Содан бері үй салынбай тоқтап тұр.
Найманов Р.А. бір жылдан бері әртүрлі сылтау, өтірік айтып, үйді салып беретін емес.
Үйімізді Найманов Р.А. уақытылы салып бермеуіне байланысты әр жерден пәтерлер жалдап, саяжайларда тұрып, ипотекалық несиелерді төлеп, балаларымызбен, отбасыларымызбен көптеген қиындықтар көріп жатырмыз.
Жоғарыда айтылғанды ескеріп:
1. «Альянсстройинвест» ЖШС құрылыс мекемесінің Бас директоры Р. А. Наймановқа қатаң шара қолданып, жасалынған келісім-шарт бойынша «Infiniti-2» тұрғын үй кешенін салдырып берулеріңізді сұраймыз.
2. Төмендеу пайызбен үйді салуға жеткілікті қаражатпен жәрдемдесулеріңізді сұраймыз.
3. Берілетін қаражатқа, оның жұмсалуына, үйдің жоба бойынша салуына қатаң бақылауды сұраймыз.
Сіздерді құрметтеуші:
Үлескерлер тізімі: Бүркітбаев А., Сарсенбекова Д., Рахимжанов Н., Жәрімбетова А. т.б.
Администратор 26.09.2008
Қазіргі уақытта «Инфинити» объектісі бойынша жұмыстарды атқару кестесі бойынша үйдің қаңқасының құрама-тұтасқұймалы құрылымдарын жинақтау, бөлмеаралық/ пәтераралық арақабырғаларды және қоршау құрылымдарын қабырғалармен толтыру, ілінбе қасбетті жинақтау, терезелерді толтыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Инфинити» ТК екінші кезегіне қатысты. Жобалық шешімге байланысты екінші кезек 450 пәтерден тұрады. Қазіргі күні үлесшілермен 220 пәтер сатып алынған. Үлесшілердің компания алдындағы қарызы 50 млн. тенгеден асады. Объектілердің құрылысына кететін шығындарды оңтайландыру мақсатында компаниямен «АСИ 33/23» ТК 147 үлесшісін «Инфинити» ТК ауыстыру туралы шешім қабылданған. Осылай «АСИ 33/23» ТК үлесшілерінің 880 млн. тенгеден астам қарыздары «Инфинити» ТК құрылысына бағытталады. Тамыз 2007 – мамыр 2008 жыл аралығында пәтерлердің босауына байланыста 56 үлесші екінші кезектен бірінші кезекке ауыстырылған. Қалған сатылмаған 83 пәтерге қатысты компания оларды тендерлі негізде Астана қалысының әкімшілігіне және ұлттық компанияларға өткізу мүмкіндігін зерттеуде. Сонымен қатар, «АТФ Банк» АҚ несиелік комитетінің шешіміне сәйкес осы объект несиелік ұйымның қаражатынан қаржыландырылатын объектілер тізіміне қосылған. Бірінші кезек бойынша жалпықұрылыстық жұмыстар 2008 жылдың желтоқсаны – 2009 жылдың наурызы аралығында аяқталады. Ішкі әрлеу жұмыстары 2009 жылдың сәуір-қыркүйек айлары аралығында Астана қаласы әкімшілігі тарапынан тапсырыс берушімен жылу инженерлік тораптарды құру жұмыстары аяқталу мерзімін ескере отырып жүзеге асырылады. Екінші кезек бойынша жалпықұрылыстық жұмыстар 2008 жылдың қазан-қараша айларында қайта жалғастырылады және әрлеу жұмыстарын ескере отырып 2009 жылдың төртінші тоқсанында аяқталады.