Жолаушылар тасымалы және жергілікті автомобиль жолдарының сапасы туралы
«Жолаушылар тасымалы және жергілікті автомобиль жолдарының сапасы туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 28.09.2018, 10:00
- 28.09.2018, 16:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Абсаматов Досжан 28.09.2018, 10:36, Сұрақ нөмірі: 7938
Саламатсыз ба Қырымбек Елеуұлы! Менің аты-жөнім Абсаматов Досжан Қанатұлы, мен Қызылорда қаласының тұрғынымын. Сізге қояр сұрағым, Бұған дейін Қорқыт ата әуежайының жолаушылар терминалы мемлекеттік – жекешелік әріптестік негізінде салынатындығын айтып өткен болатынсыз.
Бүгінгі таңда осы жұмыстар қалай жүргізілуде ?
Қызылорда облысы 28.September.2018, 11:09
Сәлеметсіз бе, Досжан! Қызылорда қаласында жаңа әуежай терминалының құрылысы жобасын мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы іске асыру жоспарланып отыр. Ағымдағы жылдың 30 тамызында жекеше әріптесті анықтау бойынша конкурстың бірінші кезеңіне «BI-Industrial» ЖШС-і техникалық ұсынысы және құжаттарын ұсынды. Қазіргі уақытта «BI-Industrial» ЖШС-нің біліктілік талаптарының сәйкестігіне іріктеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның іске асырылуын тездету мақсатында, «BI-Industrial» ЖШС-не әуежай терминалының техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалық-сметалық құжаттамасын қайта қарау тапсырылды. Аталған құжаттар әзірленгеннен кейін, жаңа терминалдың құрылысы басталады.