Жолаушылар тасымалы және жергілікті автомобиль жолдарының сапасы туралы

«Жолаушылар тасымалы және жергілікті автомобиль жолдарының сапасы туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 28.09.2018, 10:00
  • 28.09.2018, 16:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Құдайбергенова Айнара 28.09.2018, Сұрақ нөмірі: 7939

  • 0

Саламатсыздар ма ! Менің Қырымбек Елеуұлына қояр сұрағым, Қызылорда қаласының Сырдария өзенінің сол жағалауындағы «Шіркейлі» каналы арқылы өтетін көпір құрылысының құрылыс-монтаж жұмыстары қашан басталады?

Қызылорда облысы 28.09.2018

Сұрағыңызға рақмет. «Шіркейлі» каналы арқылы өтетін көпірдің құрылыс-монтаж жұмыстарына 2018 жылы республикалық бюджеттен 706 млн. теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсының қортындысымен мердігер «Сервис НС» ЖШС-гі танылып отыр. Көпірдің құрылыс жұмыстарын осы айдың аяғында бастау жоспарлануда.