Жолаушылар тасымалы және жергілікті автомобиль жолдарының сапасы туралы

«Жолаушылар тасымалы және жергілікті автомобиль жолдарының сапасы туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 28.09.2018, 10:00
  • 28.09.2018, 16:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Курманбаева Гүлдана 28.09.2018, 13:21, Сұрақ нөмірі: 7941

  • 0

Салеметсіз бе! Қазалы ауданындағы «Қазалы-Көларық-Бекарыстан би-Жаңақұрылыс» автомобиль жолының 33 км-дегі Әлсейіт учаскесіндегі Сырдария өзені арқылы өтетін көпір қашан пайдалануға беріледі? Сұрағым жауапсыз қалмайды деп ойлаймын, Рахмет

Қызылорда облысы 28.September.2018, 15:13

Сәлеметсіз бе, Гүлдана! Әлсейіт учаскесіндегі Сырдария өзені арқылы салынып жатқан көпірдің құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы құны 2,7 млрд. теңге. 2017-2018 жылдары 1,3 млрд. теңге бөлініп бүгінгі күні жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Көпірдің құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау 2019 жылға жоспарланып отыр.