Жолаушылар тасымалы және жергілікті автомобиль жолдарының сапасы туралы

«Жолаушылар тасымалы және жергілікті автомобиль жолдарының сапасы туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 28.09.2018, 10:00
  • 28.09.2018, 16:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Есжан Айдын 28.09.2018, 15:02, Сұрақ нөмірі: 7942

  • 0

Сәлеметсіз бе? Қызылорда қаласының сол жағалауындағы салынып жатқан көше жол құрылысы қашан аяқталады?

Қызылорда облысы 28.September.2018, 15:26

Қазіргі таңда Қызылорда қаласының сол жағалауындағы құрылыстың қарқынды түрде жүргізіліп жатқанынан хабардарсыздар. «Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы қозғалысы реттелетін жалпы қалалық маңызы бар магистралды көше жолдарын Мұратбаев көшесі бойындағы бұрыннан бар көпірден «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автотрассасына дейін салу» (4,9 км)(Құны 3 053,5 млн. теңге) жобасына 2017-2018 жылдары 900 млн. теңге бөлініп, тиісті жөндеу жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2019 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауындағы қорғаныс бөгетінің жанындағы ұзындығы 7,5 км қозғалысы реттелетін жалпы қалалық маңызы бар магистралды көшенің жол құрылысын салу (құны 2 450,4 млн. теңге) жобасына 2017-2018 жылдары 503 млн. теңге бөлініп, тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2019 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз.