Жемқорлықты алдын алудың негізі - мемлекеттік қызметті көрсету жүйесін жетілдіру және кәсіби мемлекеттік аппаратты құру болып табылады.
«Жемқорлықты алдын алудың негізі - мемлекеттік қызметті көрсету жүйесін жетілдіру және кәсіби мемлекеттік аппаратты құру болып табылады» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Павлодар облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Н.С. Жахин жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 10
- Жауаптар: 10
- 11.10.2018, 15:00
- 11.10.2018, 17:30
- Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Павлодар облысы бойынша Департаменті
Истаев Жаксылык 11.10.2018, 15:55, Сұрақ нөмірі: 7981
Сұрақ : Мемлекеттік қызмет көрсету реестрінен не себепті "Қосалқы шаруашылығының бары туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметін алып тастады және бұл анықтаманы бұдан былай қандай құжат алмастырады? Рахмет!
Павлодар облысы 12.October.2018, 15:59
«Жеке қосалқы шаруашылығының бар жөніндегі анықтаманы беру» мемлекеттік қызметі тізілімнен алынып тасталынды, себебі ол – ветеринариялық анықтама туралы мемлекеттік қызметін қайталайды. Қазіргі уақытта жеке қосалқы шаруашылықтың бар жөніндегі анықтама заматтардың өтініштерін қарау тәртібі негізінде беріледі және әкімдіктер осы анықтамалардың берілуінен бас тартпауы тиіс.