«Латын әліпбиіне көшу – заман талабы»

Латын әліпбиіне көшу тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Алматы облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы – А. Башбаев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 17.10.2018, 10:20
  • 17.10.2018, 17:00
  • Алматы облысының әкімшілігі

Мынжасарова Анаргуль 17.10.2018, 15:45, Сұрақ нөмірі: 7982

  • 0

1. Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіруге байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілген еді. Осы бағытта биылғы жылы қандай жұмыстар атқарылды?

Алматы облысы 17.October.2018, 16:20

Облысымызда өткен жылы «Жаңа әліпби – жаңа дәуір бастауы» атты ақпараттық-насихаттық тобы құрылды. 2017 жылы 16 аудан, 3 қаланың 70 елді мекенінде 40 мыңға жуық адаммен кездесу өткізді. Бұл кездесулерде латын әліпбиіне көшудің елімізге қандай артықшылықтары бар екені, қалай жүзеге асатыны жайлы бірқатар толғамды сұрақтарға жауап берілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен аудан орталығынан шалғайда орналасқан ауылдар да қамтылды. Алакөл ауданында түсіндіру жұмысы барысында тұңғыш рет ұйымдастырылған «Жаңа әліпби – ұлы дәуір бастауы» атты форумға 400-ден астам аудан халқы қамтылды. Қазақ тілі әліпбиінің латын графикасындағы емле ережесі 2019 жылы наурыз айында бекітілетін болады. Осы емле ереженің жобасын түсіндіру мақсатында ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары, қоғам қайраткерлері, «Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері түсіндіру тобының кестесіне сәйкес биыл да жұртшылықпен кездесуін жалғастырды. Кешегі күні Алакөл ауданындағы Тоқжайлау, Қамысқала, бүгін Сарқан ауданындағы Қойлық, Бақалы ауылдық округтерінде болды. Осындай кездесулер барлық аудан, қалаларда үстіміздегі жылдың 9 қарашасына дейін жалғасатын болады.