«Латын әліпбиіне көшу – заман талабы»

Латын әліпбиіне көшу тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Алматы облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы – А. Башбаев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 17.10.2018, 10:20
  • 17.10.2018, 17:00
  • Алматы облысының әкімшілігі

Туғанбаева Мөлдір 17.10.2018, 16:41, Сұрақ нөмірі: 7983

  • 0

МөлдІр Тугамбаева Сұрақ. 1. Алдағы уақытта облыста қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіруге байланысты қандай жұмыстар атқарылады?

Алматы облысы 17.October.2018, 16:45

Латын графикасындағы әліпбиге көшу жұмыстарына дайындық мәселесі үздіксіз жүргізіліп келеді. Мәселен, тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Алакөл ауданында ауылдық округтің тілге жауапты мамандарымен «Жаңа жазу – жаңа белес», медициналық колледж студентерімен «Латын әліпбиі: алдағы міндеттер», қаладағы мектеп директорларының және қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімдерінің, колледж оқытушыларының қатысуымен «Латын әліпбиі; ізденіс, даярлық», Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Алматы облыстық филиалы қызметкерлерімен «Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы» атты семинарлар, политехникалық колледжде «Қазақстандағы жазу тарихы және латын графикасын қабылдаудың ғылыми-практикалық негіздері» атты конференция, «Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің ғылыми және ұйымдастырушылық негіздері» атты дөңгелек үстел, «Арман қала – Астана» атты латын қарпінде эссе жазу байқауы болып өтті. Ағымдағы жылдың 9 қарашасында «Латын әліпбиі: тәжірибе, пікір» атты халықаралық конференция өткізуді жоспарлап отырмыз. Конференцияда баяндама жасау үшін шетелдік ғалымдар және Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтыны ғалымдары қатысады деп күтілуде. Шараға негізінен облыс мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатыстырылады. Мұнда қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшу жұмыстары, емле ережесінің дайындалу барысы, алдағы уақытта атқарылатын кешенді жұмыстар туралы пікірлер қамтылады.