«Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы»
«Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е.Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 19.10.2018, 10:00
- 19.10.2018, 16:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Байлиева Айдана 19.10.2018, 10:07, Сұрақ нөмірі: 7994
Саламатсыз ба, құрметті Қырымбек Елеуұлы?! 2018 жылы облыс бюджеті шығындарының басты ерекшеліктері қандай? Және басқа қандй салаларға облыс бюджетін жұмсау жоспарлануда?
Қызылорда облысы 19.October.2018, 11:28
Сәлеметсіз бе, Айдана! Облыстық бюджет әлі күнге дейін әлеуметтік бағытын сақтауда. Бұл білім, денсаулық, мәдениет, спорт, әлеуметтік салалар болып табылады. 2018 жылдың 1 қазандағы жай-күйі бойынша жалпы әлеуметтік салаға 135,2 млрд. теңге бөлініп отыр. Сонымен қатар, Қызылорда қаласының сол жағалауын дамыту жұмыстары, аграрлық секторды үдемелі дамыту, индустрияландыру мен шағын және орта бизнесті, көлік инфрақұрылымын дамыту болып табылады.