«Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы»
«Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е.Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 19.10.2018, 10:00
- 19.10.2018, 16:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Джумабеков Шокан 19.10.2018, 10:23, Сұрақ нөмірі: 7995
Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдарынан басқа облыстарда тірек ауылдық елді мекендер бар екендігі жайлы жие естудемін. Біздің өңірімізде тірек елді мекендер бар ма? Осы тірек елді мекендерді дамыту бағытында қандай жұмыстар атқарылуда?
Қызылорда облысы 19.October.2018, 11:32
Сәлеметсіз бе! Елді мекендердің табиғи ресурстарын, еңбек және инфрақұрылымдық даму әлеуетін пайдалана отырып халықты нәтижелі жұмыспен қамту үшін біз облыста 16 тірек ауылдық елді мекендерді анықтадық (облыс әкімінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 820 қаулысы). Ондағы мақсат – мемлекеттік қолдаумен қатар бизнес құрылымдарды да тарта отырып экономикамикалық өсу орталықтарын құру. Атап айтқанда: Аралда – Сексеуіл, Қамыстыбас, Шижаға, Қазалыда - Жаңқожа батыр, Өркендеу, Қармақшыда – ІІІ интернационал, Төретам, Жалағашта – Аққұм, Мәдениет, Сырдарияда – Ақжарма, Бесарық, Шиеліде – Еңбекші, Сұлутөбе, Жаңақорғанда - Түгіскен, Төменарық, Бірлік елді мекендері. Тірек ауылдық елді мекендерге соңғы 3 жылда бюджет көздерінен әлеуметтік нысандары құрылысына, күрделі жөндеу жұмыстарына және инфрақұрылым мен аббаттандыруды қамтамасыз етуге бюджеттен 9,1 млрд.теңге қаржы бағытталған (РБ- 4,3 млрд.теңге, ОБ - 4,3 млрд.теңге, АБ- 0,4 млрд.теңге). 2018 жылы тірек елді мекендерді одан әрі дамыту бойынша арнайы алқа өткізіліп, әр тірек елді мекендердің перспективалық даму тенденциясы зерделеніп, оларды одан әрі дамыту бойынша 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы әзірленіп, бекітілді (құны 11,3 млрд теңгені құрайтын 106 шара). Тірек елді мекендерде кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік нысандарды салу мен инфрақұрылымды дамыту бойынша ауқымды шаралар жүргізіледі, сонымен қатар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында нысандар салу көзделген.