«Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы»

«Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е.Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 19.10.2018, 10:00
  • 19.10.2018, 16:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Мырзабек Альмумина 19.10.2018, 11:49, Сұрақ нөмірі: 7996

  • 0

Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Халық жиі тұтынатын азық-түлік бағаларын ұстап тұру үшін қандай шаралар жасалуда?

Қызылорда облысы 19.10.2018

Cұрағыңыз өзекті. Баға мәселесі үнемі бақылауымызда. Бұл бағытта құзіретті органмен (облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы) тұрақты түрде апта сайын әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарларына мониторинг жүргізіліп отыр. Оған қоса, азық-түлік өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру және негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында облыста әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тұрақтандыру қорын қалыптастырылған. Тұрақтандыру қорында қазіргі таңда 1788 тонна өнім көлемі бар. Аталған өнімдер, бүгінгі таңда тікелей қоймадан және Қызылорда қаласының шағын аудандарында орналасқан әлеуметтік 15 дүкендер мен аудан орталықтарындағы ашылған 6 әлеуметтік дүкендер арқылы өткізілуде.