«Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы»

«Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е.Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 19.10.2018, 10:00
  • 19.10.2018, 16:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Смағамбет Бернара 19.10.2018, 13:37, Сұрақ нөмірі: 7997

  • 0

Қазіргі таңда мемлекеттік-жекешелік әріптестікті пайдаланып, түрлі жобалар іске асырылуда екенін бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп, оқып жүрміз. Сонда мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің артықшылығы мен тиімділігі неде?

Қызылорда облысы 19.October.2018, 15:06

Қайырлы күн, Бернара! Инвестициялық жобаларды мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін пайдала отырып іске асырған тиімді, себебі, жеке әріптес өз қаржысы есебінен жобаны іске асырады, ал мемлекет ол шығындарды белгілі бір мерзім аралығында өтейді. Бұл бюджетке ауыртпашылықты төмендетеді. Қазіргі таңда мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмін пайдалана отырып, өңірде 75 жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күнге 18 жоба бойынша келісім-шартқа қол қойылды, олар денсаулық сақтау, білім, дене шынықтыру және спорт, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы жобалар. Осындай, әлеуметтік маңызы бар жобалар одан әрі жалғасын табатын болады.