«Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы»

«Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е.Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 19.10.2018, 10:00
  • 19.10.2018, 16:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Еленкулова Фазила 19.10.2018, 15:13, Сұрақ нөмірі: 7998

  • 0

Саламатсыз ба Қырымбек Елеуұлы. Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің төртінші деңгейі мен коммуналдық меншігін енгізу бойынша облысымызда қанша ауылдық округтерде төртінші деңгейлі бюджет енгізілді? Сол ауылдық округ бюджеттерінің кірісі және шығысы қанша көлемде бекітілді?

Қызылорда облысы 19.October.2018, 15:39

Біздің өңірімізде жалпы барлығы 146 елді мекен бар, оның ішінде 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап халық саны 2 мың адамнан астам 65 елді мекенде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігі енгізілді, ал 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап халық саны 2 мың және одан да аз елді мекендерде енгізілетін болады. Дербес бюджеті бар елді мекендер бюджет заңдылықтарына сәйкес бюджеттерін бекітіп, тиісті жұмыстар жасауда. Барлық ауылдық округтер бюджетінің кіріс көздері 10 389,9 млн. теңге, сәйкесінше шығындары 10 389,9 млн. теңге көлемінде бекітілді.