Аймақтың 9 айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы

«Аймақтың 9 айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбында интернет-конференция өтетін болады. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қарағанды облысының әкімі Ерлан Жақанұлы Қошанов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 13
  • Жауаптар: 13
  • 23.10.2018, 15:00
  • 23.10.2018, 18:00
  • Қарағанды облысының әкімдігінің аппараты

Нар Жаңабек 23.10.2018, 15:26, Сұрақ нөмірі: 8009

  • 0

Ерлан Жақанұлы, қайырлы күн! Көпшілікпен пікір алмасқаныңызға қуаныштымыз! Елбасы үстіміздегі жылдың16 ақпанында үкімет мүшелері мен парламент депутаттарына жиындарды қазақ тілінде өткізуді, баяндамаларды қазақ тілінде жасауды және жиын өткізетін орындарға ілеспе аударма құралдарын орнату жөнінде тапсырма берген. Бірақ облыста ондай жаңалықтарды көріп жатқан жоқпыз. Елбасының тапсырмасы біздің өңірде қашан жүзеге асады. Шенеуніктерді жұмысқа қабылдарда әсіресе идеология саласына қазақ-орыс тілдерін жоғары дәрежеде білуіне мән бересіз бе? Идеология саласындағы басшыларды заман ағымына сай жан-жақты, білікті, жергілікті қоғамдық ортамен жақсы байланыс орната алатын мамандармен ауыстыру ойыңызда бар ма?

Қарағанды облысы 23.October.2018, 18:13

Қайырлы кеш! Ілеспе аударма мәселесіне келетін болсақ, жергілікті атқарушы органдардың мәжіліс, жиындарын мемлекеттік тілде өткізу мақсатында облыс әкімі, Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Абай ауданы әкімдері аппараттарының мәжіліс залдары ілеспе аударма жасайтын қондырғылармен жабдықталған. Аудармашылардың біліктілігін арттыру мақсатында биыл «Ілеспе аударма тәжірибе жүзінде» тақырыбында дайындық курстары өтті. (40 адам қамтылды) Курсқа арнайы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Республикалық «Үздік аудармашы» байқауының бас жүлде иегері, ілеспе аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Камал Әбілқасымқызы Әлпейісова, саяси ғылымдарының докторы, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Сәтжан Тұрғанәліұлы Мейірманов шақырылды. Қараша айында өткізілетін тереңдетілген курстарда осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады. Сонымен қатар, биылғы жылдан облыс әкімі аппараты басшылық құрамының қазақ тілін онлайн негізде оқулары жүзеге асырылуда. Есептік кезеңде облыс бойынша қазақ тіліне оқытылған тұлғалардың 19,6% (274 адам) мемлекеттік қызметшілер құрады. Сонымен қатар мемлекеттік лауазымдарға тағайындау бойынша келер болсақ, оларға тиісті біліктілік талаптарына сай келетін, өзінің жеке және кәсіби қасиеттері, денсаулық жағдайы, білім деңгейі бойынша өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілетті және Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген Қазақстан Республикасының азаматтары қызметке қабылданады. Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде шығу тегіне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайларға байланысты қандай да бір кемсітушілікке жол берiлмейдi.