Аймақтың 9 айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы
«Аймақтың 9 айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбында интернет-конференция өтетін болады. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қарағанды облысының әкімі Ерлан Жақанұлы Қошанов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 13
- Жауаптар: 13
- 23.10.2018, 15:00
- 23.10.2018, 18:00
- Қарағанды облысының әкімдігінің аппараты
Нар Жаңабек 23.10.2018, 15:30, Сұрақ нөмірі: 8011
Қарағандыда қазақ тілді ақпарат құралдарының,қазақ тілді журналистердің құқы тапталып жатыр. Қала әкімдігінен, облыстағы сала басшыларынан қазақ тілінде жауап-сұхбат ала алмаймыз. Оларды телеарнаға сұхбатқа шақырғанда жүргізіліп жатқан істерді, бағдарламаны біле қоймайтын мамандар келеді де, түк жауап бере алмай отырады. Облыс әкімдігі мен басқа да атқарушы органдарда ақпарат еңбірінші орыс тілінде тарайды. Қазақ тілді ақпараттар кеш тарайды. Кейде мүлдем қазақ тілді ақпарат берілмейді. Кадрларды қызметке алғанда, екі тілді білу мүмкіндігі ескеріле ме?
Қарағанды облысы 23.October.2018, 17:34
Мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылатын тіл мәселесі билік назарынан ешқашан тыс қалып көрген жоқ. Өңірде мемлекеттік тілді оқытуға қажетті жағдайлардың барлығы жасалған. Ол үшін облыстың 13 өңіріндегі 6 оқыту орталықтары мен 8 оқыту курстарында қазақ тіліне мемлекеттік, азаматтық қызметшілер, жеке тұлғалар оқытылуда. Жылдан жылға мемлекеттік тілді үйренем деушілер саны артып, 2016 жылмен салыстырғанда өсім 22 пайыз құрап отыр. Биылғы жылдан облыс әкімі аппаратының басшылық құрамының қазақ тіліне онлайн негізде оқулары жүзеге асырылуда. Облыста 2013 жылдан бері «Қазтест» жүйесі бойынша тестілеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін тестілеумен қамтылған 18 мың адамның 50% мемлекеттік қызметшілер. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қай тілде келіп түссе, сол тілде жауап беріледі. Шығыс хаттары мемлекеттік органдарға тек мемлекеттік тілде жолданады. Сонымен қатар, өткізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша баспасөз релизі міндетті түрде екі тілде және сұхбат жазу үшін мемлекеттік және орыс тілдеріндегі спикерлер ұсынылады. Мемлекеттік органдардын ашықтық мәселесі басымдылық болып табылады және осы мақсатта 2018 жылдың басынан Өңірлік коммуникациялық қызмет алаңында 43 брифинг өткізілді. Олар «Сарыарқа» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілді. Бұл ретте брифингтер мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіледі. Жыл сайын мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары мен БАҚ-пен байланыс жасайтын қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін Орталық коммуникациялар қызметі өкілдерінің және медиа қауымдастықта танымал жаттықтырушылардың қатысуымен арнайы семинар-тренингтер өткізіледі.