Аймақтың 9 айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы

«Аймақтың 9 айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбында интернет-конференция өтетін болады. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қарағанды облысының әкімі Ерлан Жақанұлы Қошанов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 13
  • Жауаптар: 13
  • 23.10.2018, 15:00
  • 23.10.2018, 18:00
  • Қарағанды облысының әкімдігінің аппараты

Нар Жаңабек 23.10.2018, 15:32, Сұрақ нөмірі: 8012

  • 0

Сіздің алдыңыздағы облыс әкімі Н. Әбдібеков те, сіз де Октябрь ауданын Алашорда үкіметінің көсемі Әлихан Бөкейхан есімімен атауға уәде бергенсіздер. Енді Октябрь ауданының атын ауыстыруды қанша уақыт күту керек? Нақты қашан жүзеге асады?

Қарағанды облысы 23.October.2018, 16:19

Қарағанды қаласының Октябрь ауданы 27 гектар шамасында кең аумақты алып жатыр. Оның аумағында халқы 225,0 мың адамды құрайтын ірі Майқұдық тұрғын алабы орналасқан. Онда 100-ден аса әлеуметтік сала мекемелері жұмыс істейді, 1468 шағын және орта бизнес кәсіпорындары тіркелген. Осыған орай, заңды тұлғаларға арналған үлкен қаржылық шығындармен байланысты, ауданды қайта атау жұмыстары мұқият дайындықты және жан-жақты қарауды талап етті. Жылдың аяғына дейін бұл сұрақ Қоғамдық кеңестің және қалалық мәслихат депутаттарының қарауына шығарылады. Тұрғындардың көпшілігінің пікірі оң болған жағдайда, бұл мәселе Республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жіберіледі.