Аймақтың 9 айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы
«Аймақтың 9 айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбында интернет-конференция өтетін болады. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қарағанды облысының әкімі Ерлан Жақанұлы Қошанов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 13
- Жауаптар: 13
- 23.10.2018, 15:00
- 23.10.2018, 18:00
- Қарағанды облысының әкімдігінің аппараты
Нар Жаңабек 23.10.2018, 15:33, Сұрақ нөмірі: 8013
Қаламызда жаңбыр жауса, қар ерісе тас жолдардың, жүргіншілердің жолдары суға толып кетеді. Ондай кезде аяқ басып жүру мүмкін емес. Шаһарымыздағы Сәкен Сейфуллин даңғылы, Жамбыл Жабаев, Қаныш Сәтбаев, Қасым Аманжолов көшесіндегі және қаладағы көптеген жолдар жылда жөнделеді. Көктемде жөнделген жолдарды күзде қайта жамауға тура келеді. Сол жолдарды қайта-қайта қопара бермейтіндей жасауға болмай ма?
Қарағанды облысы 23.October.2018, 16:21
Суағар кәріздерін жөндеу, қайта құру және жаңадан салу үшін, қазіргі таңда жер учаскелерін суағар кәріздеріне сәйкес дайындау жұмыстары жүргізілуде. Жоғарыда аталған жұмыстардан кейін қаланың суағар кәріздерін түгендеу және паспорттау жұмыстары жүргізіледі. Соның негізінде қаланың суағар кәріздерін жөндеу және қайта құру жұмыстары жүргізілетін болады.