Жатақханалар құрылысы
Бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары Ғалым Арғынғазинмен Президенттің 5 Әлеуметтік бастамасы шеңберінде жатақханалар құрылысы туралы интернет-конферернция
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 23.10.2018, 15:00
- 24.10.2018, 18:20
- ҚР білім және ғылым министрлігі
Амангелдиева Маржан 23.10.2018, 16:05, Сұрақ нөмірі: 8016
Қанша жылда қанша жатақхана салынады және олардың құрылысына кім жауапты?
ҚР Оқу-ағарту министрлiгі 23.October.2018, 17:11
Сәлеметсіз бе, құрметті Маржан! Студенттердің өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында 2022 жылдың соңына дейін кемінде 75 мың орынды қамтамасыз ететін жатақханалар салу жоспарлануда. Жатақханалардың нақты саны олардың жобалық қуатына байланысты болады. Жоба операторы болып «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы бекітілді. Жатақхана құрылысына жұмсалған қаржының бір бөлігін өтеу үшін тиісті мемлекеттік тапсырыс қарастырылды. Оған республикалық бюджеттің жобасында алдағы үш жылдық кезеңде 15 млрд.теңге қолдау тапты. Ағымдағы жылғы 15 қазанда Білім және ғылым министрлігі және жоба операторы 4 мыңнан астам орынға 7 жоғары оқу орнымен мемлекеттік тапсырыстың алғашқы шарттарына қол қойды. Жоба өзінің жалғасын табатын болады. Қабылданған шаралар студенттердің өмір сүру жағдайын жақсартады деп сенеміз.