Аймақтың 9 айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы
«Аймақтың 9 айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбында интернет-конференция өтетін болады. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қарағанды облысының әкімі Ерлан Жақанұлы Қошанов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 13
- Жауаптар: 13
- 23.10.2018, 15:00
- 23.10.2018, 18:00
- Қарағанды облысының әкімдігінің аппараты
Сагиндыков Нурлан 23.10.2018, 16:27, Сұрақ нөмірі: 8018
Салеметсіз Ерлан Жақанұлы, менің сұрағым кез-келген үй салғысы келетін қала тұрғынын алаңдатады деп ойлаймын. Отбасым үлкен болғандықтан
өзімнің екі бөлмелі үйімді сатып Таугүл ықшамауданынан жер сатып алып үй салдым, кездескен қиындықтарым ол үйдің инфрастуктурасы, яғни жылу, су мәселесі, бармаған жерім қақпаған есігім жоқ, Сізге де 90 жастағы әкеміз екеуіміз жазылып кіре алмадық, әкем Сіздің әкеңізбен бірге қызмет жасап едім кіріп батамды беремін деген, оған да кіре алмады. Қаланың әкімінің қабылдауында болдық, оған ТЭЦ жылу қазандығының әлі жетпейді дейді, алайда үйдің жанындағы сатылатын үйлерге отралықтандырылған жылу берген, оны да түсінбедік сатуға арналған адамдарға беріледі, жеке азаматтарға берілмейді, сонда 21 ғасырда қала ортасында от жағу деген 19 ғасырға қайта түскеніміз, қайдан біз ілгері жылжимыз. Су мәселесі үй алдынан су мен кәріз құбырын тартқанына 2 жыл болды, әлі күнге дейін госактив пен градостроительство және Қарағанды су біп-біріне өткізе алмай жүр.
Сұрағым: Қашан Таугүл ауданында орталықтандырылған жылу немесе газ құбыры және су, кәріз құбырлары қашан істейді, тек нақты жауап керек бізді ертеңмен тамақтандырып керегі жоқ.
Қарағанды облысы 23.October.2018, 18:29
Сауалыңызға рахмет! 2018 жылғы 16 қазанда желілерді қаланың коммуналдық меншігіне қабылдау бойынша пайдаланушы және мердігерлік ұйымдарlың қатысуымен cол жерге бару арқылы комиссиялық жиналыс өтті. Оның қорытындысында анықталған ескертулер бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ қазіргі уақыттаТаугүл шағын ауданы тұрғындарын әрі қарай қосу үшін «Қарағанды Су» компаниясына желілерді сенімді басқаруға тапсыру туралы қаулы дайындалды. 3-ші жылу-энергетика орталығының қуаты жеткіліксіз болуына байланысты, Таугүл шағын ауданына жылу желілерін жүргізуді қарастыратын мүмкіндік жоқ. Орталық газбен жабдықтау бойынша. Бүгінгі күнде Қарағанды қаласын газдандыру бойынша құжаттар әзірленуде. Таугүл шағын ауданын газбен жабдықтау үшін ішкі алаң желілерінің құрылысын салу көзделген. 1-ші іске қосу кешенінің құрылысы 2019 жылға жоспарланып отыр. Қаржыландыру ретіне қарай жоба кезең-кезеңмен іске асырылатын болады.