Елдімекендерді газдандыру туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Елдімекендерді газдандыру туралы" тақырыбындағы интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 23.10.2018, 17:00
- 02.11.2018, 19:00
- Энергетика министрлігі
Байтаков Нурлан 24.10.2018, 13:01, Сұрақ нөмірі: 8040
Саламатсыз ба? менің сіздерге жазып отқан себебім, Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Қарастықтақ ауылдық округінде табиғигаз мәселесін айтқым келіп отыр. Бұл округке 4 ауыл кіреді қаншама жыл болды газ келер емес, басқа көрші ауыл, аудандарда газ бар. осы мәселе бойынша шешім қабылдасаңыздар!
ҚР Энергетика министрлігі 30.October.2018, 16:36
Министрлік 003 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне газ тасымалдау жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады. Жоғарыда айтылған бағдарлама бойынша 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезіңінде, Министрлікке Жамбыл облысының Әкімдігінен Т.Рысқұлов ауданын (Қарастықтақ ауылдық округі) газдандыру жобасы бойынша бюджеттік өтінім жолданбағанын хабарлаймыз. Бюджеттік өтінім нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларына сәйкес (ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №126 бұйрығымен бекітілген) Т.Рысқұлов ауданын (Қарастықтақ ауылдық округі) газдандыру бойынша жоба Жымбыл облысының Әкімдігінен түскен жағдайда Министрлік өз құзыреті шеңберінде бюджеттік өтінімді қарастыруға дайын екендігін хабарлайды. Сонымен қатар, Жамбыл облысының ақпаратты бойынша, Т.Рысқұлов ауданының 43 елді мекенінің 23 елді мекені газдандырылған, немесе 53 пайызы, халық саны 53 109. Халық саны аз болғандықтан 1 елді мекені (№98 разъезді - 91адам) жақын арада газдандырылмайтынын атап отеміз. Қалған 19 елді мекенді (Жаңатұрмыс, Каменка, Қазақ, Жалпақсаз, Тасшолақ, Қорағаты, Қорағаты стансиясы, Байтелі, Шолақ қайыңды, Юбилейное, Әбілқайыр, Қызылшаруа, Шөңгер, Аққайнар, Тойқұдық, Мамыртөбе, Қосапан, Сұмқайты, Сөгеті) газдандыру «Ақыртөбе ГРС»-інің қуатын ұлғайтып іске қосылды. 2017 жылы «Ақыртөбе ГРС»-інің құрылыс-монтаж жұмыстарына облыстық бюджеттен 536 684,4 мың теңге бөлінді. Аталмыш нысанның құрылысы 2018 жылғы 28 тамызда аяқталды. Қазіргі таңда, қалған 19 елді мекенді газдандыру үшін ЖСҚ әзірлену мақсатында бастапқы деректер жинақталуда.