Елордалық коммуналдық меншіктің жай-күйі және жергілікті бюджетті толықтыру
«Елордалық коммуналдық меншіктің жай-күйі және жергілікті бюджетті толықтыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Астана қаласының әкімі Б.Т. Сұлтанов жауап береді.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 02.11.2018, 09:00
- 02.11.2018, 15:00
- Астана қаласы аппараттын әқімшілігі
Аканова Самал 02.11.2018, 09:26, Сұрақ нөмірі: 8051
Құрметті Бахыт Тұрлыханұлы, Астана қаласының әкімі лауазымына келуіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Мен Астана қаласының тұрғыны, Аканова Самал 2-топтағы мүгедекпін (меастиния ауруымен 2011 жылдан бері тіркеудемін), ай-сайын калимин 60 дәрісін тегін прописка байынша тіркелген Емханадан алып тұрушы едім.Алайда, биылғы жылдың басынан бері дәрігер ешқандай дәрі жоқ деп жазып бермей жүр. Әр жылы ауруханаға жатып актагам тағы басқа да ем-шаралар алушы едім, биыл олда жоқ. Осыған орай, күнделікті қабылдайтын калимин дәрісіне жәнеқажетті дәрілерге қол жеткізуге көмек сұраймын. Алдын ала рахметімді білдіремін. Осыған қажетті қаражат коммуналдық меншіктің жай-күйі және жергілікті бюджетте қаралса деген өтініш!
Астана қаласы 02.November.2018, 09:58
Сәлеметсізбе Самал ханым, сұрақ қойғаныңызға алғыс білдіремін. Аталған калимин дәрісін жеткізу бойынша біршама қиындықтар болды. Бүгінгі таңда аталған дәрі қала емханаларында бар. Сондықтан тіркелген емханаңызға немесе Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына хабарласуыңызды сұраймын. Байланыс телефоны 55 68 29 немесе 1439 номері арқылы барлық тегін дәрі дәрмектер тізімін білуіңізге болады.