Қаланың көлік кәсіпорындарының жолаушыларды тасымалдау жөніндегі және автомобиль жолдары жағдайы туралы проблемалық мәселелерін шешу

«Қаланың көлік кәсіпорындарының жолаушыларды тасымалдау жөніндегі және автомобиль жолдары жағдайы туралы проблемалық мәселелерін шешу» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Астана қаласының әкімі Б.Т. Сұлтанов жауап береді.

  • Сұрақтар: 19
  • Жауаптар: 19
  • 02.11.2018, 09:00
  • 02.11.2018, 15:00
  • Астана қаласы аппараттын әқімшілігі

Оразов Аршат 02.11.2018, 13:11, Сұрақ нөмірі: 8086

  • 0

Қайырлы күн! Сізге қаладағы таксилерге қатысты сұрақ қойғым келеді. 3 балам бар, біреуі мүгедек. Күн сайын арнайы балабақшаға және басқа да орталықтарға апарып тұрамыз. Қалада Инватакси қызметі бар, ол тегін, бірақ сұраныс көп болғандықтан Инватакси бәріне жете бермейді. Осы мәселе бойынша қарастырсаңыздар екен деген тілек, Инва такси санын көбейтсеңіздер. Bus Lane арқылы жүре беретін Астана такси қызметі қымбаттау. Яндекс.Такси сияқты жеке такси түрлері сұраныс көп сағаттарда тым қымбат ақы сұрайды. Бәлкім мемлекет тарапынан қарапайым тұрғындарға қолжетімді такси қызметін қосу керек болар? Назарыңызға рахмет! Жаңа қызметіңізде сәттілік тілеймін!

Астана қаласы 02.November.2018, 15:13

Құрметті Оразов Аршат! Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметі бойынша, қазіргі таңда Астана қаласы бойынша 22 инватакси автокөлігімен мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетуде, оның 10-ы мүгедек балаларға арналған. Бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен 2018 жылы 115 841, 0 мың.тенге қаржы бөлінді. Инватакси қызметін пайдаланушылар санының күннен күнге көбеюіне байланысты және қызмет алушылар тарапынан түсіп жатқан өтініштерін ескере отыра жоғарыда аталып өткен Басқармамен 2019 жылға инватакси қызметіне мемлекеттік тапсырысты артыру бойынша тиісті бюджеттік өтінім берілгедігі туралы хабарлаймын. Алдын ала жасалған болжам бойынша, 2019 жылы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 3 инватакси автокөлік қосылатын болады.