Елордалық коммуналдық меншіктің жай-күйі және жергілікті бюджетті толықтыру

«Елордалық коммуналдық меншіктің жай-күйі және жергілікті бюджетті толықтыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Астана қаласының әкімі Б.Т. Сұлтанов жауап береді.

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 02.11.2018, 09:00
  • 02.11.2018, 15:00
  • Астана қаласы аппараттын әқімшілігі

Оразов Аршат 02.11.2018, 13:31, Сұрақ нөмірі: 8087

  • 0

Құрметті Бақыт Тұрлыханұлы, Астана қаласының имиджі және әлемдік бренд ретінде қалыптасуы үшін арнайы .astana аймақтық интернет домендерін құруға кеңес беремін. Әлемде 30-дан астам қалада өздерінің жеке домен аймақтары бар. Мысалы .london .nyc .tokyo .moscow сияқты. Брендтен бөлек бұл жергілікті бюджетті көбейтуге де септік етеді. Мысалы Лондон және Нью-Йорк қалаларында 70 мыңнан астам домен тіркелген, бұл домендер арқылы жергілікті бюджетке жыл сайын бірталай қаржы түседі. Осындай домен ашылатын болса, catalog.astana - Астана қаласындағы түрлі сайттар каталогын, news.astana - Астана жаңалықтары, social.astana - астаналықтардың әлеуметтік желісін, сондай-ақ business.astana сайты арқылы шағын бизнеске тегін сайттар ашып беру платформасын жасауға болады. Мысалы бұның аналогы satu.kz сайты ақылы және иелері шетелдік. Егер ұсынысым қызықтырса тиісті басқармаларға өз ұсынысымды жоба ретінде әкеліп көрсете аламын. Рахмет!

Астана қаласы 02.November.2018, 15:42

Құрметті, Оразов Аршат ! Сіздің «.astana» аймақтық интернет доменін құруға қатысты ұсынысыңыздың жобасын Бейбітшілік к-сі, 11, мекенжайы бойынша Астана қаласы әкімінің аппаратына жолдасаңыз болады. Қала әкімдігі өз кезегінде ұсынысыңызды қарастыруға дайын.