Қаланың көлік кәсіпорындарының жолаушыларды тасымалдау жөніндегі және автомобиль жолдары жағдайы туралы проблемалық мәселелерін шешу
«Қаланың көлік кәсіпорындарының жолаушыларды тасымалдау жөніндегі және автомобиль жолдары жағдайы туралы проблемалық мәселелерін шешу» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Астана қаласының әкімі Б.Т. Сұлтанов жауап береді.
- Сұрақтар: 19
- Жауаптар: 19
- 02.11.2018, 09:00
- 02.11.2018, 15:00
- Астана қаласы аппараттын әқімшілігі
Мыңжасар Айгүл 02.11.2018, 13:50, Сұрақ нөмірі: 8088
Астанада қоғамдық көлікте электронды есеп-айырысу жаппай енгізілгелі бері автобустар жолаушыларды тек алдыңғы есіктен кіргізіп, көп жағдайда жүргізушілер жолаушылардың валидация жасауын қадағалайтын болды. Бұл қоғамдық көлік жүргізушісін негізгі қызметінен алаңдатып, қауіпті жағдайларға себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ аялдау уақытын ұзартып жіберді. Кестеден кешікпеу үшін жүргізушілер аялдама арасында жоғары жылдамдықпен жүргізеді. Сондай оқиғалардың бірі кісі өлімімен аяқталғанын бәріміз білеміз. Кейбір жүргізушілер, тіпті, балалы жолаушыларға да 2-ші және 3-ші есікті ашпайды. Бұл әрекеттер Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығының талаптарына қайшы екенін білеміз. Десе де, жүргізушілер жолаушы талабын орындаудан бас тартады. Сондай-ақ кейбір автобустарда жүргізушіден бөлек тағы бір қызметкер жұмыс істейді, олардың қызметі әр жолаушыдан "валидация жасадыңыз ба?" деп сұрау, және салонда әрі бері жолаушылардың мазасын алып жүру ғана. Ал керісінше "KBD" деген жазуы бар жилет киген қызметкерлердің ешқандай бақылау-тексеру жұмыстарын жүргізбей, жылы аялдамаларда жылынып тұратындарын ғана көріп жүрміз. Егер тексеру-бақылау жұмыстары күшейтілсе, ақы төлемейтін жолаушылар азайып, салонда артық қызметкердің қажеті болмас еді. Сондай-ақ Бұйрықта талап етілгендей автобустың барлық есіктерінен кіргізіп-шығарған жағдайда да жол ақысын төлеу көрсеткіші жоғары болар еді.
Мыңжасар Айгүл 07.11.2018, 17:11
Кешіріңіздер, 2015 жылы қабылданған құжат бола тұра сіздер неге 2007 жылғы құжатты алға тартасыздар? Төмендегі пункттер мен сіздердің жауаптарыңыздағы пункттер бір-біріне қарама-қайшы. Дәл қазіргі уақытта қайсысы күшінде? "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығының төмендегі талаптарын орындауды сұраймын: 4-параграф. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру тәртiбi 27. Жолаушыларды автокөлiк құралына отырғызу және түсiру мынадай дәйектiлiкпен жүргiзiледi: 1) шағын автобустарда алдымен жолаушыларды түсiру, одан кейiн отырғызу жүргiзiледi; 2) екi есiгi бар автобустарда жолаушыларды түсiру - екi есiк арқылы, ал отырғызу артқы есiк арқылы жүргiзiледi; 3) үш және одан артық есiгi бар автобустарда жолаушыларды түсiру - барлық есiктер арқылы, ал отырғызу - алдыңғы есiктен басқа барлық есiктер арқылы жүргiзiледi. 6-параграф. Қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастағы жол жүру және багажды алып жүру төлемі, тіркеуі 41. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдаудың маршруттарында жол жүру, багаж алып жүру төлемi жолаушы қолма-қол ақшамен кондукторға (жүргiзушiге) беру немесе жүру үшiн электрондық төлеу жүйесi арқылы жасалады. 42. Қалалық (ауылдық) қатынастағы қолма-қол ақшаға жол жүру, сондай-ақ багажды алып жүру төлемінің фактісі жолаушыға жол жүру құжатын (билетін) берумен белгіленеді. 42-1. Жол жүру үшін электрондық төлеу жүйесі пайдаланылатын қалалық (ауылдық) қатынастағы жол жүруді тіркеу жолаушымен жол жүру үшін төлемнің жасалғаны туралы қағаз жол жүру құжатын (билетін) берусіз, жолаушының өзіне-өзі қызмет көрсететін тиісті электрондық көлік терминалының санау құрылғысының жұмыс бетіне электрондық жол жүру құжатын тақау жолымен жүзеге асырылады."
Астана қаласы 02.November.2018, 15:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қарашадағы № 1061 қаулысымен бекітілген Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесінің 86-тармағына сәйкес (бұдан әрі - Ереже) жолаушылардың және жүктің тұрақты қалалық автомобиль тасымалдарының бағыттарында жол жүру және жүк алып жүру төлемін жолаушы қолма-қол ақшамен кондукторға (жүргізушіге) немесе жол ақысын төлеудің бірыңғай электронды жүйесі арқылы отыру кезінде береді. Сонымен қатар, көрсетілген Ереженің 83-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, екі және одан да көп есігі бар автобустарда жолаушыларды түсіру - алдыңғы есіктен басқа барлық есік арқылы, ал отырғызу алдыңғы есік арқылы жүргізіледі. Осыған ұқсас кондукторға (жүргізушіге) жол ақысын төлеу талаптары – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларынмен де бектілген. Содай-ақ, автобустың жүргізушісімен жол жүру ақысын бақылау және жол жүру билеттерін беру (қолма-қол ақшамен төленген жағдайда) автобустың қозғалмай аялдама пунктінде тұрған кезінде жүзеге асырылады. Астана қаласының «Астана LRT» ЖШС қызметкерлері күнделікті қоғамдық көліктік бағыттарда жүргізілетін мониторинг барысында төлем жасаудан бас тартқан 5 736 азаматты анықтады. Олар ішкі істер органдары қызметкерлерімен Кодекстің 622-бабының 2-бөліміне сәйкес 27 млн-нан астам тенгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.