Алматы қаласының индустриалды-инновациялық дамуы
Алматы қаласының индустриалды-инновациялық дамуы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Алматы қаласы әкімнің орынбасары А.У.Мәдиев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 06.11.2018, 10:00
- 06.11.2018, 13:00
- Алматы қаласының әкімінің аппараты
Кауысова Гулшат 06.11.2018, 11:18, Сұрақ нөмірі: 8107
Өзімнің шағын кәсібімді ашуға Алматы қаласы әкімшілігі қандай көмек бере алады? Осы мақсатта сіздерде арнайы бағдарламалар бар ма?
Алматы қаласы 06.November.2018, 11:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысына сәйкес бизнесті қолдау және дамытудың «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасына Алматы қаласы бойынша жергілікті атқарушы органның Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы жауапты. Осы бағдарлама шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға мемлекеттік грант қайтарылмайтын негізде беріледі. Өз бизнесін енді бастаған кәсіпкер заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап Бағдарламаның аумақтық координаторына мемлекеттік грантты алу үшін өтініш жасаған кезге дейін кемінде 3 жыл болуы қажет. Бизнес жобаның міндетті шарты жобаны жүзеге асыру кезінде шығындардың берілген грант көлемінен 10% аз емес шығындарын өзі қаржыландыруы қажет, оның ішінде өз қызметтері немесе жеке меншігіндегі мүліктерімен, сонымен қоса жаңа жұмыс орындары ашылуы қажет. Сонымен қатар, гранттың ең жоғарғы сомасы 3 млн теңгеден аспауы тиіс, грант қаражаттары жылжымайтын мүлік, жер телімін сатып алу және жалға алу төлемі ретінде пайдаланылмайды, бизнес-идеялар жаңашылдықтары (мүгедектерге қолданылмайды).