Батыс Қазақстан облысы бойынша еңбек заңнамасының сақталуы мәселелері туралы

Батыс Қазақстан облысы бойынша еңбек заңнамасының сақталуы мәселелері туралы

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 22.11.2018, 10:30
  • 22.11.2018, 14:00
  • БҚО әкімдігі

Мусагалиева Нурайна 22.11.2018, Сұрақ нөмірі: 8143

  • 0

Мен бір жеке кәсіпорында жұмыс істеймін, алайда жұмыс беруші осы күнге дейін менімен еңбек шартын жасаған жоқ, осы мәселе туралы білгім келеді?

Батыс Қазақстан облысы 22.November.2018, 13:39

Саламатсызба! Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің (23 бап 2 тармақ 2) тармақша) номаларына сәйкес, жұмыс беруші жұмысқа қабылдау кезінде жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасасуға міндетті, өйткені еңбек шарты кұқықтық салдар мен кепілдіктерді қамтиды. Сондықтан, заңбұзушылықты жою мақсатында Сіз облыстық еңбек иснпекциясы бойынша басқармасына шағымдануыңыз қажет, ал басқарма өз тарапынан жұмыс берушіге қатысты тексеріс жүргізіп, заңнама аясында заңбұзышылықтарды жою бойынша тиісті шаралар қабылдап, жұмыс берушіні әкімшілік жауапкершілікке тартады. Бұл жағдайда әкімшілік айыппұлдың сомасы 68 070 теңгеден - 340 350 теңгеге дейін («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 86 бабы).