Шағын және орта бизнесті дамыту
«Шағын және орта бизнесті дамыту» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Басқарма басшысының орынбасары Б.Т. Ибраимов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 26.11.2018, 16:00
- 26.11.2018, 18:00
- БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы
Султанов Нурлан 26.11.2018, 17:32, Сұрақ нөмірі: 8156
Cәлеметсіз бе Бағдаулет Талғатұлы! Бір жобаға берілетін мемлекеттік гранттардың сомасы қанша?
Батыс Қазақстан облысы 26.November.2018, 17:38
Құрметті Нұрлан Серікұлы! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес, Бір шағын кәсіпкерлік субъектісі үшін ең көп мемлекеттік грант сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды.