«Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту туралы»
«Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 28.11.2018, 10:00
- 28.11.2018, 16:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Төлеген Жазира 28.11.2018, 10:56, Сұрақ нөмірі: 8172
Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Кәсібін жаңа бастаған кәсіпкер жеңілдетілген несиені алуы үшін кез келген банк кепілдікке мүлік талап етеді. Алайда, кәсіпкерлердің банкке қоятын кепіл мүлкі бола бермейді, бұл үшін мемлекет тарапынан кандай қолдау шаралары бар?
Қызылорда облысы 28.November.2018, 11:20
Рахмет сұрағыңызға. Расымен, қазіргі күні қандай да бір кәсіп түрін ашып, несие қаражатымен қаржыландыру үшін кепіл мүлкі талап етіледі. Бірақ кепіл мүлкі жок кәсіпкерлер үшін қазіргі күні «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы іске асырылуда. Бұл Бағдарлама шеңберінде старт-ап жобаларға 20 млн. теңгеге дейінгі несие қаражаттары кәсіпкерлерге кепіл мүліксіз ұсынылады. Яғни, кәсіпкердің алатын несиесінің 85 пайызына мемлекет кепіл болса, қалған 15 пайызын кәсіпкер банктің депозиттік шотына ақшалай кепіл мүлкі ретінде салады. Мәселен, кәсіпкер шағын наубайхана ашу үшін банктен 3 млн. теңге көлемінде несие алса, мемлекет оның 85 пайызына, яғни 2,5 млн. теңгесіне кепілдік береді. Қалған 500 мың теңгені кәсіпкер ақшалай кепіл ретінде банктің депозиттік шотына салып қояды. Оған қоса, банктер арқылы 14 пайызбен берілген несие қаражатының 7 пайызы субсидияланатын болса, ал ауыл кәсіпкерлері үшін берілетін несие қаражатының 10 пайызы субсидияланады. Нәтижесінде ауыл кәсіпкері 9 пайызбен жеңілдетілген несиеге қол жеткізеді.