«Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту туралы»
«Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 28.11.2018, 10:00
- 28.11.2018, 16:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Таширова Мархабат 28.11.2018, Сұрақ нөмірі: 8173
Сәлеметсіз бе, Қырымбек Елеуұлы. Мен кондитерлік цех ашып едім. Бірақ соның газ, су-кәріз, жарық және жылуға техникалық шартын алуыма ұзақ уақыт кетіп, кәсібімді тезірек ашып жүргізуге, көптеген кедергілер болуда. Осыған қандай көмектер көрсетіледі?
Қызылорда облысы 28.11.2018
Қолға алған кәсібіңізге сәттілік пен береке тілеймін! Әкімшілік кедергілерді қысқарту мақсатында өткен жылдан бастап «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын» құрдық. Ендігі кезекте облысымыздың кәсіпкерлері бизнесті жүргізу бойынша кеңестерді ғана емес, рұқсат беру құжаттарында, оның ішінде коммуналдық қызметтерден техникалық шарттарды да алуына болады. «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына» құжаттарыңызды тапсырып, 5 жұмыс күннің ішінде орталық мамандары техникалық шарттарды алуға көмек береді. Осы уақытта бұл жұмыстарға алаң болмай өз кәсібіңізбен айналыса бересіз. Сонымен бірге, рұқсатнама құжаттары мен техникалық шарттар алуды қазіргі таңда электронды форматқа көшірдік. Сондықтан құжаттарыңызды үйде отырып тапсыра аласыз.