«Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту туралы»

«Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 28.11.2018, 10:00
  • 28.11.2018, 16:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Досаева Жанар 28.11.2018, Сұрақ нөмірі: 8174

  • 0

Сәлеметсіз бе! Елбасы өзінің Жолдауында келер 2019 жылы кәсіпкерлерге салық қарыздарына амнистия берілетіндігін айтып кетті. Осыған байланысты «салық амнистиясы» шарттары қалай болмақ?

Қызылорда облысы 28.11.2018

Сұрағыңызға рақмет. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарабаев Ақордада өткен соңғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясын» жүргізуді тапсырды. «Салық амнистиясы» шарты бойынша 2018 жыл басынан бастап 1 қазанға дейін өтелмеген салық төлемдерін төлеген жағдайда, мемлекет өз кезегінде сол салық төлемдерінің өсімпұлдары мен айыппұлдарына амнистия жасайды. Қызылорда облысында «салық амнистиясы» бойынша 1800-жуық шағын және орта бизнес субъектілерінің өсімпұлдары мен айыппұлдары есептен шығарылуы жоспарлануда.