Жемқорлықты алдын алудың негізі - кәсіби мемлекеттік аппаратты құру болып табылады.

«Жемқорлықты алдын алудың негізі - кәсіби мемлекеттік аппаратты құру болып табылады» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Павлодар облысы бойынша Департаментінің басшысы А.К. Мұқашев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 29.11.2018, 15:00
  • 29.11.2018, 17:00
  • Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Павлодар облысы бойынша Департаменті

Токтасынова Рысты 29.11.2018, 16:41, Сұрақ нөмірі: 8184

  • 0

Саламатсызба! Құқық қорғау органына 4-бағдарламада қандай заңдар болады?

Павлодар облысы 29.November.2018, 16:48

Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламаларының (Агенттік Төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 бұйрығы) 4-тармақшасына сәйкес, тестілеудің төртінші бағдарламасы келесі нормативтік құқықтық актілерді білуді көздейді: 1) Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ); 2) «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» (15 сұрақ); 3) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ); 4) «Құқық қорғау қызметі туралы» (15 сұрақ); 5) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (15 сұрақ). Төртінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (75 сұрақ) кем дегенде 35 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауаптты қамтиды. Сонымен бірге, тестілеуді орындау үшін жалпы уақыт 60 минутті құрайды.