Батыс Қазақстан облысы өңіріндегі ономастика мәселелері
«Батыс Қазақстан облысы өңіріндегі ономастика мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Басқарма басшы А.Ә.Мыңбаева жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 29.11.2018, 17:00
- 29.11.2018, 19:00
- БҚО әкімдігі
Қадыр Алтынбек 29.11.2018, 18:58, Сұрақ нөмірі: 8189
Құрметті Айгүл Әділгерейқызы! Объектілерге жеке адамдардың есімін беру қай заңнамамен реттеледі?
Батыс Қазақстан облысы 29.November.2018, 18:59
Құрметті Алтынбек Бекқалиұлы! Объектілерге жеке адамдардың есімін беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға,порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына,метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға,физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» қаулысымен реттеледі.