2018 жылға арналған Қоғамдық келісім комитетінің қызметі туралы
«2018 жылға арналған Қоғамдық келісім комитетінің қызметі туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Интернет-конференция барысында Қоғамдық келісім комитетінің қызметі туралы сұрақтарға Қоғамдық келісім комитеті төрағасының м.а. Қ.Қ. Джанаханов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 30.11.2018, 15:00
- 30.11.2018, 17:00
- ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Касымов Дархан 30.11.2018, 15:14, Сұрақ нөмірі: 8190
Биыл Елбасының бірегей бастамасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VI Съезі өткенінен жалпы жұртшылық хабардар. Осыған байланысты не айтасыз. Жалпы өткізілген шараны әлемдік қауымдастық қалай қабылдады?
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 30.November.2018, 15:25
Саламатсызба Касымов Дархан! 2018 жыл жалпы Министрлік қызметіндегі ерекше жыл. Ағымдағы жылғы қазан айында өткен VI әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі, сондай-ақ Съезд хатшылығының XVII отырысын атап өтуге болады. Съезге әлемнің 43 елінен әлемдік және дәстүрлі діндердің лидерлері, беделді халықаралық ұйымдардың, танымал саяси-қоғам қайраткерлерінің 82 делегациясы қатысты. Съезд жұмысына көрнекті тұлғалардың қатысуы дінаралық форумның мәртебесін арттырды (атап айтсақ, Сербия Республикасының Президенті Александр Вучич, Әл-Азхардың Жоғарғы имамы шейх Ахмад Мухаммад ат-Тайеб, Иерусалим патриархы Феофил III, Ватиканның Папа кеңесінің заңнамалық мәтіндерді түсіндіру жөніндегі төрағасы кардинал Франциско Коккопальмерио, БҰҰ Өркениеттер альянсының жоғарғы өкілі Насир Абд аль-Азиз АнНасер, Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясының Бас хатшысы аятолла Мохсен Мохаммади Араки, Израильдің сефард және ашкеназий раввиндері Ицхак Иосиф пен Давид Лау, ЕҚЫҰ Бас хатшысы Томас Гремингер және т.б. ірі лауазымды тұлғалар қатысты). Съездің барлық қатысушылары мен мәртебелі қонақтары Қазақстанның қауіпсіздік пен келісімге бағытталған бейбітсүйгіштік бастамаларын және оның Көшбасының рөлін бірауыздан қолдады. Съезд қорытындысы бойынша қабылданған Декларация бейбітшіліктің құндылығын, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілер мен қоғамдық жиындарда өзара түсіністік пен сыйластықты ілгерілету, сондай-ақ барлық діндердің құлшылық жасау орындары мен киелі жерлерінде арандатушылық пен зорлықты болдырмауға күш салуға үндейді. Қазіргі таңда VI Съездің Декларациясы Біріккен Ұлттар Ұйымы және Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымында таралды. Аталған құжат басқа да халықаралық және діни ұйымдар тарапынан кең талқылануда. Осы ретте бұл маңызды құжат азаматтық қоғам өкілдері арқылы да Қазақстандағы жалпыжұртшылық қауымының арасында кең таралуы қажет деп санаймыз.