«Сыр өңірінің мәдени дамуы»
«Сыр өңірінің мәдени дамуы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 12.12.2018, 10:00
- 12.12.2018, 17:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Алишбеков Оразалы 12.12.2018, 10:30, Сұрақ нөмірі: 8199
Құрметті Қырымбек Елеуұлы, әлеуметтік желілерден және жаңалықтардан Қорқыт ата мұралары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енгендігі жөнінде қуанышты хабарды естідік. Осы жөнінде толығырақ айтсаңыз?
Қызылорда облысы 12.December.2018, 11:19
2014 жылдан бері ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұрасының ұлттық тізіміне енгізу мәселесі көтеріліп, одан бері Қорқыт ата мұраларына байланысты қажетті материалдар жинақталып, Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөнінде Ұлттық Комиссиясына ұсынылды. Осы жұмыстың нәтижесінде ағымдағы жылдың қараша айында Маврикий Республикасында 217 мемлекет қатысқан ЮНЕСКО-ның 13-сессиясында «Қорқыт ата мұрасы: дастан, аңыз және музыка» көпұлттық номинациясы қолдау тауып, бүкіл әлемге танылды. Бүгінгі күні Қорқыт ата мұраларының енуі – бұл тек Сыр елінің ғана емес, бүкіл Тәуелсіз Қазақстанның мерей-мәртебесі. Ендігі біздің міндетіміз – Қорқыт ата мұраларын халықаралық дәрежеде насихаттау. Осы жұмыстың бастамасы ретінде біз Үкіметке Шығыс елдерінің күнтізбесі бойынша Наурыз хамал (амал) айының бірінші жұлдызында басталатын 14 наурыз – «Амал» күнінде «Қобыз күнін» атап өтуді ұсынып отырмыз. Cонымен қатар, дәстүрлі өткізілетін «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық музыкалық өнер фестивалінің ауқымын кеңейтіп, биыл алғаш рет өткізілген «Қорқыт. Қобыз» республикалық қобызшылар мен қобызбен сүйемелдеп жыр айтушылардың байқауын халықаралық деңгейде өткізіп, қобызшылар ансамблін құруды жоспарлап отырмыз.