«Сыр өңірінің мәдени дамуы»
«Сыр өңірінің мәдени дамуы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 12.12.2018, 10:00
- 12.12.2018, 17:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Садирбаев Мурат 12.12.2018, Сұрақ нөмірі: 8207
Құрметті Қырымбек Елеуұлы, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында тарихи сананы жаңғыртуға аса мән берілген екен. Біз де Сізді өңірдің рухани дамуына да қолдау жасап келе жатқаныңызды білеміз. Сыр бойы тарихи ескерткіштерге бай өлке екені белгілі. Осы бағытта біздің облысымызда қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын білгім келеді?
Қызылорда облысы 12.December.2018, 15:16
Сұрағыңызға рахмет. Өзіңіз білесіз, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы біздің тарихи мәдени мұраларымызды сақтау, насихаттау бағытындағы жұмыстарымызға одан әрі жауапкершілік, міндеттер жүктеді. Қазіргі таңда облысымызда 500 ден астам тарихи мәдени ескерткіш мемлекет қорғауына алынған. Өңірлік маңызы бар киелі жерлерді туристік орталыққа айналдыру мақсатында олардың инфрақұрылымын жетілдіру бойынша жалпы ұлттық қасиетті нысандар тізіміне енгізілген Сығанақ қалашығы қоршалып, қалашыққа дейінгі жол жөнделіп, Сығанақ қалашығының кезеңі бейнеленген стела бой көтерді. Қорғау тақтасы жаңартылып, ақпараттық стенд және QR-код орнатылды. Сонымен қатар, Қазалы ауданындағы Жанкент қалашығына да консервациялық жұмыстар жасалып, оған дейінгі жол қайта салынды. Өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енгізілген Сырдария ауданындағы Қалжан ахун мешіт-медресесі, Жалағаш ауданындағы Мырзабай ахун үй-тамы, Қармақшы ауданындағы Марал ишан кесенесі қайтажаңғыртудан өткізілді. 2018 жылы Сығанақ, Жанкент, Сортөбе, Қышқала, Бәбіш мола қалашықтарына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек үстіміздегі жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыс көлеміндегі 150 ескерткіш қамтылған 3D форматтағы интерактивті картасы дайындалып, сайтқа орналастырылды. Бұл жоба кезең кезеңімен жүзеге асырылып, 2019 жылы 150 ескерткіштің 3D форматтағы картасы әзірленетін болады. Сонымен қатар, тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау, қорғау, насихаттау бағытында интернет желісі тартатын орындардағы республикалық және жергілікті маңызы бар 150 ескерткішке QR-код орнатылды.