«Сыр өңірінің мәдени дамуы»

«Сыр өңірінің мәдени дамуы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 12.12.2018, 10:00
  • 12.12.2018, 17:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Исмаилов Мухитдин 12.12.2018, Сұрақ нөмірі: 8208

  • 0

Құрметті Қырымбек Елеуұлы Қалалық №3 емхананың есебінде тұратын 62мың азаматтардың атынан Өзіңізге жолданған хатта (19қараша 2018жыл) көрсетілген екі корпустың арасына салынуға тиісті екінші қабаттан ұзындығы 25 метр ені 3 метр биіктігі 2,5 метрлік жаяу адам жүретін аспалы көпірдің (галарея) тағдырын өзіңізден білгіміз келеді. Екі жыл бойына басшыларға жазылған хаттар мен айтылға әңгімеден ешқандай нәтиже болмады. Нақты көмекті өзіңізден күтеміз. Іске сәт! Құрметпен қала тұрғыны 78 жастағы еңбек ардагері Мұхитдин Смайылұлы. тел. 24-82-72 сот. 8-775-526-92-40

Қызылорда облысы 12.December.2018, 16:42

Сәлеметсіз бе! 2018 жылғы 21 қарашадағы «Қызылорда қаласындағы екі корпустан тұратын №3 қалалық емхана ғимаратының арасын қосу туралы» ұсынысыңыз «Облыстық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарауына жолданған болатын. Жоғарыда айтылған ұсынысыңыз тиісті сала мамандарымен зерделеніп, жауабы өзіңізге жолданатын болады.