«Жастарды қолдау бағыттары туралы»
«Жастарды қолдау бағыттары туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 26.02.2019, 10:00
- 26.02.2019, 18:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Сәрсенбай Ұлмекен 26.02.2019, 11:20, Сұрақ нөмірі: 8263
Саламатсызба, Қырымбек Елеуұлы!
Аймағымыздағы не оқуда, не жұмыста жоқ , маргинал жастар туралы не айтасыз?
Қызылорда облысы 26.February.2019, 11:43
Сәлеметсіз бе, Ұлмекен! Рахмет сұрағыңызға. Өзіңіз айтқандай не оқуда, не жұмыста жоқ жастарды NEET санатындағы жастар деп атаймыз. Қазақша айтсақ: я біліммен, я кәсібімен бәсекелестікке (еңбек нарығындағы) сәйкес емес тұрақсыз жастар тобы. Статистикалық мәліметтерге сәйкес аймақтағы NEET санатына жататын жастардың санының жылдық көрсеткішінің де төмендеп келе жатқаны байқалады. 2018 жылдың ІV тоқсанындағы мәлімет бойынша 9,3-тен (І тоқсан) 7,0%-ға азайған (ІV т. 2016 ж. – 12,0%, ІV т. 2017 ж. – 9,5%). Соңғы 5 жылда мұндай жастар санында тұрақты төмендеу бар. Бұл жағдайда түлектерді біліммен қамту маңызды. Аймақта екі жыл қатарынан оқушылардың 97 пайызы жоғары және арнайы орта білім беретін, оқу орындарына оқуға түскен. Соның арқасында маргинал жастардың әлеуметтік негізі (базасы) азаюда. Оқитын жастар болашағына сеніммен қарайды емес пе? Жастар арасында қалыптасатын әлеуметтік проблемаларды кезең-кезеңімен шешу мақсатында «Қызылорда облысында жастар саясатын дамытудың 2021 жылға дейінгі жол картасы» облыс әкімдігінің қаулысымен бекітіліп, жыл сайын жаңартылып іске асыруда. Жол картасында көрсетілген 31-нысаналы индикаторларға өткен жылы ішінара қол жеткізілді. Сонымен қатар, әр жыл сайын NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың арнайы салааралық іс шаралар жоспары жасақталып келеді.