«Жастарды қолдау бағыттары туралы»

«Жастарды қолдау бағыттары туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 26.02.2019, 10:00
  • 26.02.2019, 18:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Балаби Айдана 26.02.2019, Сұрақ нөмірі: 8266

  • 0

Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Өңірімізде жастарға көптеген қолдаулар мен жағдайлар жасалуда. Облыс басшылығы жастардың білім алуларына көп қолдау көрсетіп отыр. Қаламыздағы жастардың ¼ студент жастар құрайды десем қателеспеймін. Мектеп бітіруші түлектер үшін Қызылорда облысы әкімінің гранты туралы білгім келеді. Ол туралы толық айтып өтсеңіз?

Қызылорда облысы 26.02.2019

Сауалыңызға рахмет! 2014 жылдан бастап мектеп түлектерін мақсатты түрде үздік отандық және ресейлік жоғары оқу орындары мен колледждерге жіберіліп келеді. Жыл сайын оқуға ынтасы бар талантты, талапты жағдайы төмен отбасынан шыққан мектеп бітіруші түлектерді арнайы облыс әкімінің грантын бөліп келеміз. Былтырдың өзінде бұл грант санын көбейтіп, 100-ден 205-ке жеткіздік. Грант иегерлері аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдігі жанынан құрылған студенттерді іріктеу жөніндегі арнайы комиссиялардың шешімдерімен 2013-2014жж және 2016-2017 жж. өңірге қажетті мамандықтар бойынша (еңбек ресурстар балансына сәйкес) анықталады. Осы кезге дейін, аз қамтылған отбасыларынан барлығы 883 мектеп бітіруші түлектер облыс әкімінің грант иегері атанды (2013 жылы – 123, 2014 жылы - 242, 2016 жылы - 147, 2017 жылы -166, 2018 жылы 205 грант). 2016 және 2017 жж. 116 студент (2016 ж.- 9, 2017 ж.-107) оқуын бітірсе, 2018 жылы 226 бала оқу орнын аяқтады.