«Жастарды қолдау бағыттары туралы»
«Жастарды қолдау бағыттары туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 26.02.2019, 10:00
- 26.02.2019, 18:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Кенжебаева Биқанат 26.02.2019, Сұрақ нөмірі: 8269
Қазіргі таңда аймағымыздың білімді жастары алыс-жақын шетелдерде білім алуда.
Ресей Федерациясында білім алып жатқан жастардың оқуын тәмамдағаннан кейінгі жұмысқа орналасу мәселесі мені қатты толғандырады, осы ретте түлектерді жұмыспен қамту мәселесіне тоқталсаңыз.
Қызылорда облысы 26.February.2019, 13:14
Сәлеметсіз бе, Биқанат! Былтыр Ресей Федерациясы гранты есебінен Ресейдің маңдайалды инженерлік оқу орындарына оқуға түскен түлектеріміздің алғашқы легі, яғни 74 жас маман өз дипломдарын алды. Бүгінгі күнге түлектердің 45-і Ресей Федерациясының оқу орындарында білім алуды жалғастыру мақсатында магистратураға түсті. Біз оны құптаймыз. Ал дипломын алып, елге оралған түлектердің 19-ы жергілікті кәсіпорындар мен мекемелерге тұрақты жұмысқа қабылданып, 8-і ұсынылған жұмыстардан бас тартып, 2-еуі отбасы жағдайымен басқа қалаларға қоныс аударды. Биыл 117 түлек оқуларын аяқтайтын болады. Бітіруші түлектердің барлығын жеке-жеке жұмысқа орналастырумен айналысатын боламыз. Қазіргі таңда, бітіруші түлектердің мамандықтарына сәйкес жергілікті кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелермен келіссөздер жүргізілуде. Айтпақшы, облыстың жастар ресурстары орталығының құрамында рекрутинг бөлімі ашылған. Бөлімнің міндеті - сол Ресей және Қазақстанда біздің жолдамамен оқу бітірген жастарды жұмысқа орналастыру.