Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары О.А. Бектенов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 8
  • Жауаптар: 8
  • 26.02.2019, 15:00
  • 26.02.2019, 17:00
  • ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Сейтмаганбетова Жазира 26.02.2019, 15:27, Сұрақ нөмірі: 8273

  • 0

Сәлеметсіз бе құрметті Олжас Абайұлы! Сізге қояр сұрағым мемлекеттік қызметшілердің қызмет ету барысында смартфон қолдануына қатысты. Менің баспасөз-хатшы ретінде қызмет атқаруым барысында әлеуметтік желілерді жиі пайдалану қажеттілігі туындайды. Осыған орай смартфондарды баспасөз хатшылардың қолдануына рұқсат беру мәселесін шешу мүмкіндігі бар ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.February.2019, 20:02

Құрметті Сейітмағанбетова Жазира! Мемлекеттік қызметшілердің смартфондарды пайдалануына тыйым салуды алып тастауға қатысты Сіздің сұрағыңыз бойынша келесіні хабарлаймыз. Үкіметтің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулысына сәйкес Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) функцияларының бірі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады. Министрліктің ақпаратына сәйкес қызметтік бөлмелерде пайдаланылатын мемлекеттік қызметшілердің смартфондарына арналған ақпараттық қауіпсіздіктің өзекті қатерлері: зиянды бағдарламалық қамтамасыз етуді жұқтыру, «нөлдік күн» эксплойттарын пайдалану, мақсатты шабуылдар (әлеуметтік инженерия), келіссөздерді заңсыз бақылау, абоненттің орналасқан жерін қадағалау және т. б. болып табылады. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 қыркүйектегі № 555 ҚПҮ қаулысына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органдар бекіткен қызмет бабында пайдаланылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптар сақталған жағдайда жеке пайдаланудағы техникалық құралдарды пайдалануға жол беріледі. Мемлекеттік органдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 79/НҚ-ҚБПҮ бұйрығымен қызмет бабында пайдаланылатын техникалық құралдарға талаптар бекітілді (ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары мен мобильді құрылғылар). Жоғарыда айтылғандардың негізінде, мемлекеттік қызметшілердің смартфондарды пайдалануына тыйым салуды алып тастау мәселесі бойынша Сіз аталған министрлікке хабарласа аласыз.