«Жастарды қолдау бағыттары туралы»

«Жастарды қолдау бағыттары туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 26.02.2019, 10:00
  • 26.02.2019, 18:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Қаппаров Нұрсұлтан 26.02.2019, 15:28, Сұрақ нөмірі: 8274

  • 0

Саламатсызба ! тақырыптан ауытқып жатсам кешірім өтінем. Ауылдағы мал ұрлығы басты өзекті мәселе болып тұр. Осы өтінішім арқылы, Сізге Бала би ауылы тұрғындары атынан Бала би ауылында қазіргі таңда мал ұрлығы өршіп тұрғанын, ұсталған ұрыларға кешірім берді деген себеппен ешқандай іс қозғалмай жатқандығын жеткіземіз. Кешірімді мал ұрлығымен ұсталған кезде ғана тек сол малы ұрланған 1 (бір) кісіден ғана кешірім алады, ал шын мәнісінде бұл ұры ұсталғанға дейінгі мал ұрлықтары еш қараусыз қалуда. Қазіргі таңда ауыл тұрғындары құқық қорғау органдары тарапынан күдерін үзген, арыз жазғанмен нәтиже жоқ деп арыз жазудан бас тартуда. Бұл жағдайлар өз кезегінде арыз жазылмағандығы, ұры ұсталғанмен кешірім беруі себептері арықылы ұрлық болғанымен ешқандай іс қозғалмағандығы мал ұрлығының өршуне басты себеп болып тұр. Ауылдағы қарапайым халықтың күн көрісі көбіне мал бағу және егінмен айналысу екендігін есекере келіп жас кәсіпкерлердің кәсіппен айналысуына кері әсерін тигізіп,кәсіпкерлердің жолын байлауда. Жоғарыда аталғандардың негізінде Сізден Шиелі ауданы Талаптан ауылдық округі Бала би ауылындағы мал ұрлығын жолын кесу және алдын алу шараларын ұйымдастыруға, жоғалған малдарды өз егелеріне қайтаруға және ұсталған ұрылардан өндіруге ықпал жасауыңызды сұраймын.

Қызылорда облысы 26.February.2019, 17:32

Сәлеметсіз бе! Сіз көтеріп отырған мәселе Шиелі ауданының әкімдігіне және Қызылорда облыстық Полиция департаментіне жолданады. Бұл бағытта тиісті шаралар қабылданатын болады.