Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары О.А. Бектенов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 8
- 26.02.2019, 15:00
- 26.02.2019, 17:00
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Ермырза Бағлан 26.02.2019, 16:41, Сұрақ нөмірі: 8280
Ассалаумағалейкум Олжас Абайұлы! Бүгінгі күні машиналарды тіркеу немесе права алу өте оңай. Алайда, "помогайкалар" осы қызметтерді алу кезінде ажиотаж туғызады. Мемлекеттік органдар олармен күресіп жатқанын білемін, алайда менің ойымша оларға, яғни "помогайкаларға" жазаның түрін күшейту қажет деп есептеймін. Агенттік "помогайкаларды" түпкілікті жою жолында қандай шаралар қолдануда?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.February.2019, 19:53
Агенттік қоғам белсенділерімен бірге мемлекеттік органдар, халыққа қызмет көрсету, оның ішінде мамандандырылған орталықтарында «жасырын сатып алушы» әдісімен тұрақты түрде рейдттік іс-шараларды жүргізеді. Атап айтқанда, 2018 жылы қоғам өкілдерінің қатысуымен қызмет көрсететін 1 831 ұйымдары мен мемлекеттік мекемелерде 2 207 тексеріс шаралары өткізіліп, 2 051 заңбұзушылықтар анықталды. Сіз айтқан жол қозғалысы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде де «делдалдардың» көмегіне жүгіну фактілері анықталды. Алайда қазіргі уақытта автокөлікті тіркеу немесе тиісті көлік құралын жүргізуге құқық беретін куәліктерді беру мерзімі 1,5 мен 2 сағат көлемінде. Сондықтан «делдалдарды» жоюдың бірден бір жолы, ол ұсынылатын қызметтер түрлерін алу үшін қосымша мемлекеттік бажды төлеу арқылы тездетуді ұсыну деп пайымдаймыз. Сондай-ақ азаматтармен аталған қызмет түрлерін барынша «электрондық үкімет» порталы арқылы алған кезде «делдалдардың» қызметіне жүгунуіне әкелмейді.