Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары О.А. Бектенов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 8
- 26.02.2019, 15:00
- 26.02.2019, 17:00
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Темирханов Нурлыбек 26.02.2019, 16:58, Сұрақ нөмірі: 8282
Қайрлы күн Олжас Абайұлы.Қазіргі танда сыбайлас жемқорлықты жоюда жасалып жатырған шараларыныз қаншалықты тиімді?Рахмет
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.February.2019, 20:16
Құрметті Темірханов Нұрлыбек! Сұрағыңызға алғыс білдіреміз. Елімізде жүргізіліп жатқан саясат пен қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кешенді шаралары өзінің тиімділігін көрсетеді. 2018 жылы өткізілген «Сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтау» әлеуметтік зерттеуі сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарас білдіретін азаматтардың (2016ж. - 60,7%, 2017ж. - 81,4%, 2018ж. - 90,2%) және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге жеке үлесін қосуға дайын азаматтардың (2016ж. - 40,9%, 2017ж. - 55,5%, 2018ж. - 57%) үлесі жыл сайын өсетінін көрсетті. Сонымен қатар зерттеу нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа тап болған азаматтардың үлесі 2016 жылғы 51,7%-дан 2018 жылы 13,3 %-ға дейін 4 есе дерлік төмендеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру Қазақстанның халықаралық аренадағы көрсеткіштерді жақсартуға тұрақты тенденцияға мүмкіндік береді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Transparency International халықаралық ұйымымен есептелген Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша Қазақстан 31 балл жинап, 180 елдің ішінде124 орынға тұрақтады. Еліміз 2017 жылы жеткен орынды сақтай отырып, Орталық Азия өңірінде үздік нәтижені көрсетті.