«Аймақтағы құрылыс және сәулет саласының дамуы туралы»
«Аймақтағы құрылыс және сәулет саласының дамуы туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 28.03.2019, 10:00
- 28.03.2019, 17:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Қайыпназарова Арайлым 28.03.2019, 11:14, Сұрақ нөмірі: 8293
2019 жыл Жастар жылы деп жарияланған болатын.
Осыған байланысты қандай құрылыстарды жүргізу жоспарланған?
Қызылорда облысы 28.March.2019, 11:29
Сәлеметсіз бе, Арайлым! 2019 жылды Елбасы «Жастар жылы» деп жариялады. Осыған орай, 2019 жылы жастарды қолдау мақсатында Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауынан «Жастарға қызмет көрсету орталығының құрылысы» нысанын аяқтап пайдалануға беру жоспарлануда. Аталған орталықта коворкинг, продюсерлік орталық, кеңес беру, жаттығу залы, анти-кафе, мәжіліс залы, интернет-кітапхана, 300 орындық акт залы, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бөлме, медициналық және психологиялық кеңес беру кабинеттері жұмыс жасайды. Жалпы орталықта тәулігіне 250-300 жасқа тегін қызмет көрсетіледі деп күтілуде. Сонымен қатар, 2018 жылы аудандарда 7 спорт объектілері пайдалануға берілді (3 денешынықтыру сауықтыру кешені, 4 спорттық сауықтыру кешені). 2019 жылы Жастарды спортқа баулу мақсатында Қызылорда қаласында теннис орталығының құрылысы және Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионды қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.