«Аймақтағы құрылыс және сәулет саласының дамуы туралы»

«Аймақтағы құрылыс және сәулет саласының дамуы туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 28.03.2019, 10:00
  • 28.03.2019, 17:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Берестен Данияр 28.03.2019, Сұрақ нөмірі: 8294

  • 0

Облысымызда «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы қандай жұмыстар атқарылуда?

Қызылорда облысы 28.03.2019

Сәлеметсіз бе, Данияр! 2019 жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын жалғастыру мақсатында республикалық бюджет есебінен 13,4 млрд.теңге (РБ-8,2 млрд.теңге, облигациялық қарыз есебінен -5,2 млрд.теңге) бөлінді. Жалпы облыс бойынша биылғы жылы мемлекеттік бюджет есебінен 1496 пәтерді құрайтын 35 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысы бойынша 666 пәтерді құрайтын 18 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Бұл тұрғын үйлердің құрылысына республикалық бюджет есебінен 2,6 млрд.теңге бөлінді. Кредиттік тұрғын үйлер бойынша барлығы 830 пәтерді құрайтын 17 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жоспарланып, оның ішінде өткен жылы басталған 240 пәтерді құрайтын 4 тұрғын үйдің құрылысын биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтаймыз. Бұған қоса 590 пәтерді құрайтын 13 тұрғын үйлердің құрылысына облигация шығару есебінен 5,2 млрд.теңге бағытталып, құрылыс жұмыстары басталатын болады. Сондай-ақ, бағдарлама аясында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым дамыту мақсатында 15 жобаны іске асыруға республикалы 5,6 млрд.теңге бөлінді. Жалпы үстіміздегі жылы барлық қаржыландыру көздерінен 720,8 мың.ш.м тұрғын үйді пайдалануға беруді және 298,1 шақырым инженерлік инфрақұрылым желілерін жүргізуді жоспарлап отырмыз.