«Аймақтағы құрылыс және сәулет саласының дамуы туралы»
«Аймақтағы құрылыс және сәулет саласының дамуы туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 28.03.2019, 10:00
- 28.03.2019, 17:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Айдаров Нұрлан 28.03.2019, Сұрақ нөмірі: 8295
"Орда" жол картасы бойынша тұрғын үйді алудың жолдары қалай?
Қызылорда облысы 28.March.2019, 13:24
Сәлеметсіз бе, Нұрлан! Біздің басты мақсатымыздың бірі - халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары санаты бойынша кезекке тіркелген азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету болып табылады. 2019 жылдың бірінші тоқсанына облыс көлемінде олардың саны 14 мыңнан аса болып отыр. Осыған сәйкес, кезекке тіркелген азаматтарды барынша тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігімен Қызылорда халқын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету туралы "Орда" жол картасы қабылданды. Жол картасының негізгі мақсаты – тұрғындарды барынша қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету болып табылады. Жол картасы бойынша тұрғын үйлерді өткізуге қатысушыларды екі топқа бөлінген: І-топ қатысушылары – ЖАО тұрғын үй кезегінде тұрғын азаматтар (көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек бала асырап отырған отбасылар, жетім балалар және асыраушысынан айрылған балалар, 1-2 топ мүгедектері, оралмандар, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік мекеме қызметкерлері). ІІ-топ қатысушылары – ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасы 35-ке толмаған, 2 жылдан кем емес некеде тұрған отбасылар. Жол картасы бойынша қатысушыларға тұрғын үйлер кейіннен сатып алу құқығымен жалға беріледі. Оны жүзеге асыруға жыл сайын қайтарымды негізде өткізілмеген кредиттік тұрғын үйлерді сатып алуға немесе тұрғын үй салуға облыстық бюджеттен 2,0 млрд.теңгеден кем емес қаржы қарастырылатын болады және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі механизмін қолдану арқылы іске асыру жоспарлануда. Бастапқы үй алу үшін үміткерлерге қойылатын талаптар: 1) Қазақстан Республикасы азаматтығының немесе оралман мәртебесінің болуы шарт; 2) тұрғын үй алуға үміткердің сол үй орналасқан елді мекенде тұрақты тіркелгендігі; 3) «Орда» Жол картасына қатысушының және бірге тұратын отбасы мүшелерінің, сонымен қатар отбасы құрамына қосылған және өтініште көрсетілген басқа да отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасы аумағында сатып алу құқығымен жалдамалы үйінің немесе меншігіндегі үйінің болмауы; 4) міндеттемелерді орындау мүмкіндіктерін тиісті табыстарымен растау; 5) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшысы болу. Жол картасы бойынша тұрғын үйлерді өткізу механизмі төмендегідей: Жыл сайын облыстық бюджеттен қала немесе аудан әкімдіктеріне тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредиттер беріледі (9 жыл мерзімге). Қала немесе аудан әкімдіктері бөлінген қаржыға жеке құрылыс салушылардан тұрғын үйлерді сатып алып немесе өткізілмеген кредиттік тұрғын үйлерге иелік ету үшін ЖАО бағалы қағаздарын сатып алушылар алдындағы міндеттемелерін өтеп, кейіннен сатып алу құқығымен азаматтарға береді немесе сатып алу құқығымен берілетін тұрғын үйлер құрылысын салады. Тұрғын үйлерді алуға қатысу туралы әкімдіктің сайты және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты ақпараттандырады. Одан кейін, «ҚТҚЖБ» АҚ-ға өткізілетін тұрғын үйлер туралы толық ақпарат береді. Толық ақпарат берілгеннен соң, қала/аудан әкімдігі мен «ҚТҚЖБ» АҚ арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалады. «ҚТҚЖБ» АҚ тұрғын үйді сатып алу үшін қатысушыларды іріктеу рәсімін жүргізеді. Іріктеуден өткен қатысушылар тізімін қалыптастырып қала/аудан әкімдіктеріне ұсынады. Қала немесе аудан әкімдіктері қатысушылармен тұрғын үйді жалға алу шартын жасайды және әр қатысушыға тұрғын үйден 8 жылға пәтер жалға беріледі. Бұл кезеңде қатысушы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінде алғашқы жарнаны жинақтайды. «ҚТҚЖБ» АҚ тұрғын үйді сатып алу және тұрғын үй зайымын беру үшін сатып алу шартын жасау мақсатында алғашқы жарнаны жинақтап болған қатысушылардың тізімін қала/аудан әкімдіктеріне жолдайды. Қала/аудан әкімдіктері қатысушылармен сатып алу шартын жасасып (тұрғын үйдің паспорты, тұрғын үйге меншік құқығын растайтын құжат), тізімді «ҚТҚЖБ» АҚ-ға банктік зайым беру шартын жасау үшін жолдайды. «ҚТҚЖБ» АҚ қала/аудан әкімдіктері барлық тиісті құжаттарды ұсынғаннан кейін «Тұрғын үй құрылысы жинақтау жүйесі туралы» ҚР Заңына сәйкес әр қатысушыға 11 жыл мерзімге тұрғын үй зайымын береді. «ҚТҚЖБ» АҚ тұрғын үйлерді өткізуден түскен қаржыны аудандар және қала әкімдіктеріне аударады. Қала/аудан әкімдіктері бюджеттік кредитті облыстық бюджетке қайтарады. Жол картаны тиімді жүзеге асыру мақсатында Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында жеке құрылыс компаниялары есебінен салынып жатқан 14 көпқабатты тұрғын үйлер бойынша, 2018 жылдың қыркүйек айында құрылысы аяқталған тұрғын үйлердің 4 және 5 қабаттарын сатып алу туралы 3 жақты келісім жасалып, қазіргі таңда кезектілігі бойынша «ҚТҚЖБ» АҚ арқылы пәтерлердің кілтін табыстауға жұмыстар жасалуда.