«Аймақтағы құрылыс және сәулет саласының дамуы туралы»
«Аймақтағы құрылыс және сәулет саласының дамуы туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 28.03.2019, 10:00
- 28.03.2019, 17:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Сұлтан Нұрбол 28.03.2019, 13:44, Сұрақ нөмірі: 8296
Қызылорда қаласының бас жоспарына сәйкес Сырдария өзенінің сол жағалауын дамыту кезеңі жүзеге асырылуда. Осы ретте, сол жағалаудың игерілуі мен ондағы құрылыс нысандарын жүргізу бойынша толыққанды ақпарат берсеңіз
Қызылорда облысы 28.March.2019, 16:08
Сәлеметсіз бе, Нұрбол! Сұрағыңызға рақмет! Қызылорда қаласының Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жаңа қала бұл – 1532 га аумақ, оның ішінде 367 га жер телімі – рекреациялық аймақтарға, 537 га – тұрғын үй құрылысына, 190 га – сауда орындары мен офистік ғимараттарға, 270 га – әлеуметтік инфрақұрылымға арналған. Бұл 3 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй құрылысы, оның ішінде 1 млн. шаршы метр тұрғын үйді 2025 жылға дейін пайдалануға беру жоспарлануда, нәтижесінде 50 мыңға жуық адам жаңа пәтерлермен қамтамасыз етіледі. Жоба толық іске асырылған жағдайда 155 мыңнан астам адам тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа, жобада 16 жаңа мектептің, 12 балабақшаның, 4 денсаулық сақтау мекемелерінің, сондай-ақ спорттық және әлеуметтік-мәдени нысандардың құрылыстарын салу көзделді. Қалалық магистралды жолдар торабының жүктемесін азайту мақсатында 2016 жылы «Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің үстінен көпір салу» жобасы іске асырылды. Қазіргі уақытта аталған көпір қаланың ескі бөлігін сол жағалаудағы жаңа аудандармен байланыстырды. 2017 жылы сол жағалаудағы аумақты инженерлік инфрақұрылыммен (газбен, электрмен, ауыз су жабдықтау) және көше-жол торабымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар қолға алынып, 2018 жылы 1-ші кезектегі құрылыстар аяқталды. Сонымен қатар, 2017 жылы жеке құрылыс салушылар 18 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысын бастап, 2018 жылы 14 тұрғын үйдің құрылысын аяқтады, қалған 4 тұрғын үйдің құрылысын 2019 жылдың 2-ші жартыжылдығында толықтай аяқтау көзделуде, 2019 жылдың наурыз айынан бастап 5 тұрғын үй бойынша қоныстандыру шараларын жүргізу жоспарлануда. Қалған 9 тұрғын үй бойынша қоныстандыру шараларын 2019 жылдың сәуір айында атқару көзделуде. Сондай-ақ, бүгінгі таңда сол жағалаудағы аумақта республикалық бюджеттің есебінен 4 арендалық және 4 нәсиелік тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Оларды 2019 жылдың мамыр айында пайдалануға беру көзделуде. 4 арендалық тұрғын үйдің құрылысы панельдік үй құрылысы технологиясы бойынша жүргізілуде. Жалпы, 2019 жылы Сырдария өзенінің сол жағалауында барлығы 1064 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда. Бұдан бөлек, 2018 жылы «Қазақ Орталық Атқару Комитеті» ғимаратының сызбалары бойынша салынған мұражай пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта, онда мұражай мен «Рухани жаңғыру» орталығы орналасты. Сонымен қатар, мемлекет пен жеке әрептестіктің төңрегінде инвестордың есебінен 2018 жылы салынған 320 орындық балабақша өз кезегінде биылғы жылдан бастап балаларды қабылдауға дайын. Қазіргі уақытта, сол жағалаудағы аумақта «Жастарға қызмет көрсету орталығы» мен «Болашақ» университетінің білім кампусының құрылыстары қарқынды жүруде. Олардың құрылысын 2019 жылдың 2-ші жартыжылдығында толықтай аяқтау жоспарлануда. 2018 жылы құрылысы басталған 5,0 шақырымдық магистралдық жол биылғы жылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізін оң және сол жағалаулармен байланыстыратын болады. Ол үшін «Шіркейлі» каналының үстімен автокөлік көпірі салынуда. Оның құрылысын 2019 жылдың мамыр айында аяқтау жоспарлануда.