Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту мәселелері
«Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары А.А.Шайымова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 05.04.2019, 15:00
- 05.04.2019, 17:00
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Дастан Исламбек 05.04.2019, 15:10, Сұрақ нөмірі: 8298
Министрліктін жауапты хатшысы іс сапар кезінде қандай киім үлгісінде болу керек?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.April.2019, 16:14
Құрметті Исламбек Дастан, сұрағынызға рахмет! Біздің сындарлы диалогымыз Жамбыл облысына ресми сапарлар барысында ғана емес, Агенттіктің онлайн алаңында да жалғасатынына қуаныштымың. Сіздің сұрағынызға көшсек, мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті Мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексінің 5-тармағының 14) тармақшасында реттелген. Атап айтқанда мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс. Бұл талаптар барлық мемлекеттік қызметшілерге, оның ішінде қызметтік іссапарда болған жағдайда да қолданылады.